«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 18 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1-6 градус үсік күтіледі.
Тараз қ.: 18 сәуірде кей уақытта тұман күтіледі.