«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 14 сәуірде күндіз - 15 сәуірде тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 15 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 15 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 14 сәуірде күндіз - 15 сәуірде тәулік бойы, екпіні 15-20 м/с күтіледі.