«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 сәуірде күндіз, 11 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 10-11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 10 күндіз, 11 сәуірде түнде облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 10-11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 10 күндіз, 11 сәуірде түнде кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.