«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07 сәуірде күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр найзағай, бұршақ күтіледі. 07 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 07 сәуірде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.