«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 02-03, түнде 04 сәуірде екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
02-04 сәуірде оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02-03 сәуірде түнде 1-6 градус үсік, 04 сәуірде 2 градус үсік сақталады.
Тараз қ.: 02-04 сәуірде кей уақыттарда тұман күтіледі. 02-03 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 02-03 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.