«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 наурызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 11 наурызда күндіз облыстың батысында, 12 наурызда күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 12 наурызда күндіз қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. 11 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.