«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05 наурызда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде 06 наурызда оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз 05 наурызда облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, таңертең және күндіз 05, тәулік бойы 06 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 05-06 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі.