«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17 ақпанда Жамбыл облысының таулы аудандарда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 17 ақпанда тұман, көктайғақ, күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.