«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарда қатты қар, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 15-17 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 17 ақпанда екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 15-17 ақпанда тұман, көктайғақ, күтіледі. 15, 17 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, 17 ақпанда кей уақытта 23 м/с.