«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02-03 ақпанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 01-03 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 01 ақпанда таулы аудандарда 15-20 м/с, 02-03 ақпанда облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз 02, тәулік бойы 03 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 01-03 ақпанда күндіз ауа температурасы 5-10 градус жылыға, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 0-5 градус аязға дейін күрт жоғарылауы күтіледі.
Тараз қ.: 01-02 ақпанда жауын-шашын, 02 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 01-03 ақпанда түнде және таңертен тұман, түнде 02 ақпанда көктайғақ күтіледі. 01-03 ақпанда күндіз ауа температурасы 8-10 градус жылыға дейін күрт жоғарылауы күтіледі.