«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12-13 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде 12-13 қаңтарда облыстың басым бөлігінде 30-33 градус қатты аяз күтіледі.
Тараз қ.: 12-13 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Түнде 12-13 қаңтарда 28-30 градус қатты аяз күтіледі.