Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 02, тәулік бойы 03-04 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.
Таңертең және күндіз 03, түнде 04 қаңтарда Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 02-04 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Тараз қ.: 02-04 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 02, тәулік бойы 03-04 қаңтарда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.