Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, түнде және таңертең 30-31 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 30-31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 31 желтоқсанда екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: түнде және таңертең 30-31 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.