«Казгидромет» РМК-ның дауылдық ескертуіне сәйкес, Күндіз 21 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 21-22 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 21-22 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 21 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.