«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 08 желтоқсанда, түнде 09 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 08-09 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 08-09 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.