«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26-27 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 27 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 26-27 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз 26 қарашада, түнде 27 қарашада екпіні 15-20 м/с.