Дауылдық ескерту
«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24-25 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 25 қарашада 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 24-25 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде және күндіз 25 қарашада екпіні 15-20 м/с.