2024 жылдың 12 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау (өсу ретімен)

 Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 421 370  қоңырау өңделді.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 651 СМС-хабарламаларды тарату жүзеге асырылды. «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 309 хабарлама жіберілді.

Өңірде уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін «Қауірт желі» телефоны 5 рет ашылды. Уақытынан кешігіп берілген ақпарат тіркелген жоқ.

Өткен кезеңде облыс аумағында резонанстық Төтенше жағдайлар болған жоқ.

2024 жылғы 12 айында ведомстволық бағынысты бөлімшелермен               399 адам (2023 ж. – 5283, - 13,2 есе) құтқарылды, эвакуацияланған 701 адам
(2023 ж. – 281, +2,4 есе), дәрігерге дейінгі медициналық көмек  53 адамға (2023 ж. – 28, +89,2%) көрсетілді.

5478 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүзеге асырылды (2023 ж. – 4938, +10,9%), оның ішінде:

  • тұрмыстық сипаттағы – 13 (2023 ж. - 48);
  • авариялық-құтқару жұмыстары – 1724 (2023 ж. - 1497);
  • іздестіру-құтқару жұмыстары – 15 (2023 ж. - 29);
  • жол-көлік оқиғалары – 54 (2023 ж. - 58);
  • өрт деп есепке алынбайтын жану оқиғалары – 2830 (2023 ж. - 2447);
  • өртке – 749 (2023 ж. - 775);
  • расталмаған жану оқиғасы – 93 (2023 ж. - 84).

 

         Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері шаруашылық жүргізуші субъектілерге 1260 өрт-техникалық тексеру жүргізді (профилактикалық бақылау бойынша – 826, жоспардан тыс - 434), тексерулер барысында 16688 (2023 жылы – 8918) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтардың анықталды.

            Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 1219 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2023 жылы -665). 303 адамға 9 млн. 831 мың 634 теңге сомасында ақшалай айыппұл салынды (2023 жылы -5 млн. 143 тыс. 950 теңге). 916 адам ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2023 жылы -497).

Әкімшілік сотқа ТЖД пайдасына қанағаттандырылған объектілерді пайдалануды тоқтата тұру бойынша 128 әкімшілік материал жіберілді (2023 ж.-77). (Бұрын анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамау бойынша (ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі негізінде).

Жыл басынан бері тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында Департамент қызметкерлері мүдделі органдардың (ЖПҚ, еріктілер) 610 тыс.366  аула аралаған, халықпен 1 млн. 185 тыс.501 адам жиын өткізілді.

Жедел мәліметтер бойынша ағымдағы жылдың 11 айы ішінде Жамбыл  облысы  аумағында  табиғи  және техногендік сипаттағы 803 (2023 ж. – 865,  -7,2%)  техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, 46 адам зардап шекті                       (2023 ж. – 134,   - 2,9 есе), 21 адам қаза болды (2023 ж. -34, - 38,2%).

 Материалдық шығын 249 млн. 05 тыс. теңге (2023 г. – 3723 млн.27 тыс. тг. -15есе). 2023 жылы құрғақшылық (3534,49 млн. теңге) облысқа үлкен зиян келтіргенін атап өткен жөн.

Ел аумағында тіркелген ТЖ-ның (12519) 6,4% Жамбыл облысының үлесіне тиесілі.

 

2024 жылдың 12 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау
Дата публикации
23 января 2025