Облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 13 орын белгіленген (Облыс әкімінің 2024 жылғы 31 мамырдағы №139 қаулысы).
Анықтамалық:
Тараз қаласы бойынша 2 орын:
Талас өзені Тараз-Алматы автомобиль жолының бойында, Талас өзені арқылы өтетін көпірдің жанында;
Талас өзені, «Тектұрмас» кесенесі маңындағы аумақ;
Жамбыл ауданы бойынша 1 орын: «Сеңгірбай» су қоймасы;
Жуалы ауданы бойынша 2 орын Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы
Қарабастау бұлағы;
Қордай ауданы бойынша 2 орын:
«Алмаз» су қоймасы;
«Саяхат» көпшілік демалыс орыны;
Сарысу ауданы бойынша 1 орын «Орталық саябақтағы көл»;
Талас ауданы бойынша 2 орын:
«Жартас» су қоймасы;
«Пионер» су қоймасы;
Шу ауданы бойынша 3 орын:
Тасөткел су қоймасы, Белбасар ауылы;
Шу өзені «Ақ жайлау»;
Шу өзені 109 шақырым.
Департаментпен «2024 жылғы суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жоспары» әзірленіп, облыс әкімдігімен бекітілді.
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Жамбыл облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында шомылу маусымына дайындық мәселесі қаралып құзіретті мекемелерге тапсырмалар берілді.
2024 жылғы 28 мамырда облыс әкімін төрағалығымен өткізілген аппараттық кеңесте «Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу» тақырыбында қаралып, қалалық және аудандық әкімдіктерге тиісті тапсырмалар берілді.
Департамент базасында 59 волонтер мен 23 еңбек және демалыс сауықтыру лагерлерінің қызметкерлері даярлық курстарынан өтті.
Су айдындарында 900 рейд жүргізіліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 16 000 жадынама таратылды. Осы іс-шараларға 350 волонтер тартылды.
Су айдындарының қауіпті учаскелеріне адамдардың қаза болу фактілері, олардың себептері және оқиғаға ықпал еткен мән-жайлар көрсетілген 484 ескерту белгілері, 32 билборд және
34 стендтері орнатылды.
7 жағажайдың (Қарабастау, Теріс-Ащыбұлақ, Сеңгірбай, Комсомольское, Жартас, Алмаз, Пионер) түбін тексеру жұмыстары жүргізілді.
Облыстың су айдындарында 5 мобильді (Тараз қ.-2, Талас ауданы-2, Шу ауданы-1) және 1 стационарлы (Сарысу ауданы) құтқару бекеттері құрылған.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Жедел-құтқару жасағы» РММ-нің 30 сүңгуір-құтқарушылар судағы оқыс оқиғаларға дайындыққа келтірілді.
Облыстың мектептерінде оқушылырдың «Соңғы қоңырауы» кезінде Департамент қызметкерлерімен ашық сынып сағаттарында «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, онда 95 мектеп қамтылып, 21 мыңнан астам оқушы тартылды.
Сонымен қатар, 1 маусым «Балаларды қорғау» мерекесі аясында флеш-мобтар және жиындар ұйымдастырылып судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар ұйымдастырылды.
ҚР ӘҚБтК 364 бабы бойынша 28 адамға ескерту берілді және 440 бабы бойынша 200 адамға 2 196 740 теңге соммасына айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК 412 бабы бойынша 9 адамға 140 296 теңге соммасына айыппұл салынды.
Анықтама:
ӘҚБтК 364 бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу».
ӘҚБтК 440 бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу».
ӘҚБтК 412 бабы «Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау».
Анықтама: 2023 жылғы шомылу маусымы кезеңінде 5 адам (2022 ж. – 4, 2021 ж. - 4) суға батып қаза болды, оның ішінде 3 бала (2022 ж. – 2, 2021 ж. - 2). 2024 жылдың басынан бері су айдындарында 2 қайғылы оқиға тіркеліп 4 адам суға кетті (Серикулы Е., Жангиров Б. 12.01.2024.), (Узак М., Мергенбай И. 30.05.2024.).
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстың су айдындарында профилактикалық рейдтер мен патрульдеу жұмыстары үздіксіз тұрақты негізде бекітілген кестелерге сәйкес ұйымдастырылуда.
Жамбыл облысы ТЖД АҚ басқармасы