2023 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Жамбыл  облысы  аумағында  табиғи  және  техногендік сипаттағы 866 (2022ж -788) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 9,9% көбейді). 866 ТЖ мен оқиғалардың 860-і ТЖ критерийіне жатады (2022ж – 788). Салдарынан 134 (2022ж – 10500) адам зардап шекті (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 98,7,% төмен), оның ішінде 34 (2022ж –16) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 112,5% көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 3723,27 (2022ж - 132,41) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2711,9% көбейді.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны 804 (2022ж – 760) оқиғаны құрады, оның ішінде 97,8% (787) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 44 оқиғаға немесе 5,7% көбейді. Зардап шеккендердің саны 59 (202ж – 25) адамды құрады (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,3 есеге көбейді), оның ішінде 23 (2022ж – 9) адам қаза болды  (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,5 есеге көбейді).

Табиғи сипаттағы ТЖ саны 62 (2022ж – 28) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 7,1% құрады. Табиғи ТЖ салдарынан 75 (2022ж – 10475) адам зардап шекті (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 99,2%  төмен), оның ішінде 11 (2022ж - 7) адам қаза болды (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 1,5 есеге  көбейді).

Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық көбейгендігі белгіленуде. 

 

2023 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау
Дата публикации
10 января 2024