2023 жылдың қазан айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қазан айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 735 (2022ж - 671) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 9,5% көбейді). 735 ТЖ мен оқиғалардың 734-і (2022ж - 671) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 79 (2022ж –10487) адам зардап шекті, оның ішінде 26 (2022ж - 11) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 136,3% көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 3701,11 (2022ж -101,21) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3556,9% көбейді.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны 678 (2022ж - 646) оқиғаны құрады, оның ішінде 96,4% (654) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 32 оқиғаға немесе 4,9% көбейді. Зардап шеккендердің саны 41 (2022ж –15) адамды құрады (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,7 есеге көбейді), оның ішінде 16 (2022ж – 4) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 4 есеге көбейді).

Табиғи сипаттағы ТЖ саны 57 (2022ж – 25) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 7,7% құрады. Бұл 2022 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 2,2 есеге  көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 38 (2022ж –10472) адам зардап шекті (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 99,6% төмен), оның ішінде 10 (2022ж –7) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 1,4 есеге төмен).

Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық көбейгендігі белгіленуде. 

                  

Анализ фактов чрезвычайных ситуаций и происшествий на территории Жамбылской области
Дата публикации
14 ноября 2023