2023 жылғы қыркүйек айындағы Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау(өсу ретімен)

Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Жамбыл  облысы  аумағында  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  665 (2022ж – 593) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 12,1% көбейді). 665 ТЖ мен оқиғалардың 664-і (2022ж – 593) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 66 (2022ж – 10482) адам зардап шекті (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 99,4% төмен), оның ішінде 23 (2022ж - 11) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 109,1% көбейді ). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 3693,57 (2022ж – 95,17) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3781,0% көбейді.  

           Техногендік сипаттағы ТЖ саны 616 (2022ж – 568) оқиғаны құрады, оның ішінде 97,4% (600) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 48 оқиғаға немесе 8,4% көбейді. Зардап шеккендердің саны 34 (2022ж – 10) адамды құрады (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,4 есеге көбейді), оның ішінде 15 (2022ж – 4) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,75есеге көбейді).

Табиғи сипаттағы ТЖ саны 52 (2022ж – 25) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 7,8% құрады. Бұл 2022 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 2,08% көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 32 (2022ж - 10472) адам зардап шекті (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 99,6% төмен), оның ішінде 8 (2022ж – 7) адам қаза болды (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 1,4 есеге көбейді).

Тараз қаласында және облыстық барлық аудандарда ТЖ өсуі байқалады.

 

орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау
Дата публикации
12 октября 2023