2023 жылғы тамыз айындағы Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау (өсу ретімен)

Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың тамыз айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 607 (2022ж – 515) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 17,8% көбейді). 607 ТЖ мен оқиғалардың 606-і ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 59 (2022ж –10482) адам зардап шекті (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 99,4% төмен), оның ішінде 23 (2022ж- 11) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 109,1% көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 3613,81 (2022ж – 82,71) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 4269,3% көбейді.

  

          Техногендік сипаттағы ТЖ саны 559 (2022ж – 490) оқиғаны құрады, оның ішінде 94,4% (526) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 92 оқиғаға немесе 14,1% көбейді. Зардап шеккендердің саны 28 (2022ж – 10) адамды құрады (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,8 есеге көбейді), оның ішінде 15 (2022ж – 4) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,75 есеге көбейді).

Табиғи сипаттағы ТЖ саны 48 (2022ж – 25) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 8% құрады. Бұл 2022  жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 92% көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 31 (2022ж-10472) адам зардап шекті (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 99,7% төмен), оның ішінде 8 (2022ж-7) адам қаза болды (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 14,2% төмен).

Тараз қаласында және облыстың барлық аудандарда ТЖ санының өсуі байқалады, атап айтқанда: Тараз қаласында 6 есеге, Сарысу ауданыңда 2,3 есеге, Талас ауданыңда 2,8 есеге, Жамбыл ауданыңда 3,2 есеге, Жуалы ауданыңда 5,6 есеге,  Байзақ ауданыңда 12,25 есеге, Қордай ауданыңда 4,4 есеге, Т. Рысқұлов ауданыңда 2,6 есеге, Меркі ауданыңда 6,1 есеге, Мойынқұм ауданыңда 10,6 есеге және Шу 4,8 есеге.

 

 

2023 жылғы тамыз айындағы Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау (өсу ретімен)
Дата публикации
06 сентября 2023