2022 жылдың қараша айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау (өсу ретімен)

Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 718 (2021ж –635) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2021 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 13,1% көбейді). 718 ТЖ мен оқиғалардың 717 (2021ж - 635) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 10489 (2021ж –16473) адам зардап шекті (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 36,3% төмен), оның ішінде  12 (2021ж – 45) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 73,3% төмен). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 109,39 (2021ж - 50,74) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 115,6% көбейді.

Техногендік  сипаттағы  ТЖ  саны  691 (2021ж – 613) оқиғаны құрады, оның ішінде  97,5% (674) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 78 оқиғаға немесе 12,7% көбейді. Зардап шеккендердің саны 17 (2021ж -  146) адамды құрады (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 88,3%  төмен), оның ішінде 5 (2021ж – 34) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 85,2%  төмен).

Табиғи сипаттағы ТЖ саны 27 (2021ж – 22) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 3,7% құрады. Бұл 2021 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 22,7%  көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 10472 (2021ж – 16327) адам зардап шекті (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 351,3%  көбейді), оның ішінде 11 (2021ж –11) адам қаза болды (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 35,8% төмен).

Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық төмендеуі белгіленуде. 

 

Анализ фактов чрезвычайных ситуаций и происшествий на территории Жамбылской области за ноябрь месяц 2022 года (с нарастанием)
Дата публикации
06 декабря 2022