2022 жылғы мамыр айындағы Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 237 (2021 ж – 257) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2021 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7,7% төменді). 237 ТЖ өқиғалардың 237 ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 10467 (2021ж- 4140) адам зардап шекті (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда  152,8 % көбейді), оның ішінде 7 (2021ж- 16) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 56,25% төменді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 21,78  (2021ж - 14,84) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 46,7% көбейді.

          Техногендік сипаттағы  ТЖ  саны   228  (2021ж – 250) оқиғаны құрады (8, 8% төменді), оның ішінде  99,1% (226) тұрмыстық және өндірістік өрттер.               2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны  22 оқиғаға немесе 8,8% төменді. Зардап шеккендердің саны 8 (2021ж - 17) адамды құрады (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 53% төменді), оның  ішінде 3 (2021ж – 13) адам қаза болды  (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 77%  төменді).

Табиғи сипаттағы ТЖ саны 8 (2021ж - 7) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 3,3% құрады. Бұл 2021 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 1,1 есе көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан  10464  (2021ж-4123) адам зардап шекті (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 2,5 есе көбейді ), оның ішінде 4 (2021ж-3) адам қаза болды.

Сарысу, Талас және  Байзақ аудандарында ТЖ саны көбейгені анықталды, атап айтқанда: Сарысу ауданында 1,2 есеге, Талас ауданында 1,2 есеге және Байзақ  ауданында  1,2 есеге.

 

 

Талдау
Дата публикации
02 июня 2022