|
БЕКІТЕМІН Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник ________ Е. Момбаев ___ сәуір 2022 жыл |
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының 2022 жылғы IІ-ші тоқсанына
арналған жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ
|
Департаменттің атауы |
Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні
|
Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы |
Қабылданатын уақыты және күні |
Мекен-жайы |
Байланыс телефоны |
|
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті |
полковник Момбаев Ермек Джамбулұлы |
Департамент бастығы |
Сәрсенбі, Жұма 17.00-18.00 Аптасайын |
Тараз қаласы, Желтоксан көшесі 13 |
45-57-20 |
|
полковник Қосыбаев Мақсат Амантайұлы |
Департамент бастығының орынбасары |
Күнделікті 16.00-17.00 |
Тараз қаласы, Желтоксан көшесі 13 |
45-57-10 |
|
|
азаматтық қорғау полковнигі Ақылбеков Ералы Нұрғалиұлы |
Департамент бастығының орынбасары |
Күнделікті 15.00-16.00 |
Тараз қаласы, Желтоксан көшесі 13 |
45-17-37 |
|
|
Ескерту: Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Департамент басшылығының алдына ала жазылуды хатшы Усаева Айгерім Берікқызы жүргізеді, тел. 45-57-20 Сенім телефоны т.45-77-86. |
|||||
"Жамбыл облысы төтенше жағдайлар Департаменті " ММ
өтініштерді қарау тәртібі
Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» (бұдан әрі-Кодекс),
16 қарашадағы №401 "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" №70 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу тәртібі
"ҚР ТЖМ Жамбыл облысы төтенше жағдайлар Департаменті" ММ келіп түскен жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір және ұсыныс «Электрондық жолданымдар» АТЖ-да міндетті түрде тіркеледі.
Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді және ұсынысты тіркеу Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабымен көзделген мерзімде жүргізіледі.
Жолданымға қойылатын жалпы талаптар
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Жолданымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу.
Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Арыз иесінің жолданымды кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қайта жолданым беру құқығынан айырмайды.
65-бап. Жолданымды уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға әрі қарай жолдау