Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қаңтар айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 46 (2021 ж - 59 )төтенше жағдай мен оқиға тіркелген. Оның ішінде 46 ТЖ мен оқиғалардың 46-ы ТЖ критерийіне жатады (2021ж - 59). Салдарынан 9273 (2021 ж.- 16309) адам зардап шекті, тіркелген, оның ішінде 0 (2021 ж.- 3) адам қаза болды. Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 3,73 (2021 ж. –1,41) млн теңгені құрады.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 44 оқиғаны құрады (2021ж. - 57), оның ішінде 32 (2021ж - 41) тұрмыстық және өндірістік өрттер (78,04%). 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 9 оқиғаға немесе 22% азайды. Зардап шеккендердің саны 2 адамды құрады (2021 ж.- 4), оның ішінде 0 адам қаза болды (2021ж. - 1).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 2 (2021ж – 2) оқиғаны. Табиғи ТЖ салдарынан 9271 (2021 ж – 16305) адам зардап шекті, оның ішінде 0 (2021 ж – 1) адам қаза болды.
Сарысу, Талас, Жамбыл аудандарында ТЖ саны көбейгені анықталды, атап айтқанда: Сарысу ауданында 2 есеге, Талас ауданында 2 есеге, Жамбыл ауданында 1,25 есеге.
Тараз қаласында, Жуалы, Байзақ, Қордай, Т. Рысқұлов, Мойынқұм және Шу аудандарында ТЖ санынық төмендеуі белгіленуде.
Меркі ауданында ТЖ саны өткен жылдың ұқсас мерзімімен бір деңгейде.