Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кезекшілік өрт сөндіру қызметінің 2021 жылы атқарылған жұмыстарының талдауы

Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кезекшілік өрт сөндіру қызметімен облыстың өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші ауысымдарының жауынгерлік дайындығын, сондай-ақ қызметкерлердің қызметтік міндеттерін үнемі  бақылаумен және олардің жауынгерлік жұмысын талдауға бағытталған 2021 жылы жұмыс жоспары бойынша іс-шаралар атқарылды.

Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінде 15 бөлімінде  газ-түтінен қорғау қызметі (бұдан әрі – ГТҚҚ) құрылған. Облыстың ГТҚҚ-де: 1 ГТҚҚ базасы , 15 бақылау бекеті , 1 жылу-түтін даярлау кешен мен 1 жылу түтін камерасынан және 1 отты психологиялық жолағынан тұрады. Жуалы ауданы№ 7 ӨСБ, Байзақ ауданы № 8 ӨСБ, Қордай ауданы № 12 ӨСБ, Меркі ауданы № 9 ӨСБ, Шу ауданы № 19 ӨСБ мен Шу қалалық №5ӨСБ-індегі ГТҚҚ бақылау бекеттері бейімделген бөлмелерде орналасқан, олар тәлімдеменің қойлатын талаптарына сәйкес келмейді.

Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонында жалпы 394газ түтінен қорғаушы бар, жауынгерлік кезекшілікті күнделікті 18 газ түтінен қорғау қызметінің  буыны, 60 газ түтінен қорғаушылар құрайды. Кезекші өрт сөндіру қызметін 2 газ түтінен қорғаушы құрайды. Мемлекеттік мекемесінің басқармасында 21 қызметкердің газ түтінен қорғаушы деген біліктілігі бар, сығымдалған ауалы аппараттарда жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Нақты тыныс алу апараттардың саны 192 дана (« Drager» және MSA « Аuer»), оның ішінде  жауынгерлік есепте  80 аппарат, резервте 166 аппараттар бар. «Drager » және MSA « Аuer» тыныс алу  аппараттарының пайдалану мерзімі  - 6 жылдан 15 жылға  дейін138 дана аппарттары, оның ішінде 63 аппаратMSA « Аuer» 16 дана « Drager» аппараты. Жамбыл облысы гарнизонда газ түтінен қорғау қызметі толық жұмыс істеуіне сығымдалған ауалы аппараттар саны жеткілікті, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын қосымша алуды қажет етпейді. Өрт сөндіру бөлімдерінде ГТҚҚ буындарының тыныс алу ортада жұмыс істеу уақытын тез анықтау үшін эспонометр құралы жасалып, пайдалануда. 

Сығымдалған ауалы аппараттар мен бетперделерді тексеріс жүргізу үшін  10 дана «Тестор» құралдары (7 дана « Drager»  және 3 дана MSA « Аuer») бар  , қазіргі кезде қажетті тестор құралдарының қажетті саны 13 дана.

Өрт сөндіру бөлімдерінде 2015 жылдың 19 маусым № 163 бұйрығының 66 тармағына  сәйкес, әр жауынгерлік есепте тұрған өрт сөндіру автокөліктерінде бір қосымша сығымдалған ауалы аппарат пен әр аппаратқа қосымша  бір ауа баллондары қарастырылған. Сондай негізгі өрт сөндіру автокөліктері бағыттау тростары мен буындардың жұмыс уақытын тез анықтау үшін экспонометр құралдарымен жабдықталған.

Гарнизонда ауа баллондарын толтыруға арналған  3 дана қондырғы  ауа компрессорлары: («Ваer»РЕ-500 VE-F01, MSA«Аuer» F-550 и Е-3 MARINER-320В) и 4 жылжымалы («Ваer»РЕ-100 ТВ F02) ауа  компрессорлары бар. Алшақ орналасқан 4 аудандық өрт сөндіру бөлімінде ( Жуала ауданы № 7 ӨСБ, Сарысу ауданы № 16 ӨСБ, Т.Рысқұлов ауданы № 10 ӨСБ  мен Шу ауданы № 19 ӨСБ-дерінде)  ауа баллондарын толтыру пунктілері орналасқан. Әлі де алшақ орналасқан 3 өрт сөндіру бөлімінде (Қаратау қаласы № 12 ӨСБ, Қордай ауданы № 12 ӨСБ мен  Мойынқұм ауданы № 18 ӨСБ) ауа баллондарын толтыру пунктін орналастыру қажет. Жоғарыда аталған 3 өрт сөндіру бөлімдері арақашықтығы 100 шақырым және одан аса  қашықтықта орналасқан ауа толтыру пунктарынан тасмалдауға мәжбүрлі  болып отыр.  Жалпы гарнизонда 24 дана жылжымалы ауа  компрессорлары қажет.

2021 жылы аталған кезеңіндеөрттер мен  жануды  сөндіру кезінде және АҚЖ жүргізу кезінде жалпы 105рет ТОЖҚҚ пайдаланған, жұмыс атқару уақыты 4987 минут.

2021 жылдың есеп беру мерзімінде арнайы тактикалық дайындық кезінде таза ауада және жылу түтін камерасы мен психологиялық дайындық бойынша отты жолақта жаттығулар мен ГТҚҚ норматив орындаулар кезінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарынмен  ГТҚҚ буындары барлығы 1449 өткізген. Өткізген жаттығулар мен сабақтар уақыты  63313минутты құрады. 

ТЖД (ТЖ бөлімдерінің, басқармаларының) құрамының дене шынықтыру және кәсіби даярлығының деңгейін арттыру мақсатында, оқыту жоспары мен сабақ кестесі құрастырылып, сыныптық және практикалық (таза ауада) сабақтардың өткізілуі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29 наурыз - 09 сәуір аралығында бекітілген кестеге сәйкес, Мекеменің білікті мамандары барлық өрт сөндіру бөлімдеріне іс-сапарға шығумен, газ-түтінінен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемені басшылыққа ала отырып барлық жеке құраммен,сонымен қатар Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің инженерлік-инспекторлық құрамымен қосымша сабақтар ұйымдастырылып жүргізілді. Газ-түтінінен қорғау қызметі саласы бойынша арнайы дайындалған сұрақтар бойынша тест қабылданып, тәжірибе жүзінде жылу-түтін камерасында және психологиялық жағынан дайындалудың отты белдеуінде жаттығу сабақтарыөткізілді(бекітілген кесте көшірмесі қосымша жолданады).

Бүгінгі таңда, Жамбыл облысы ТЖД ұсынған тізімдеме бойынша инженерлік-инспекторлық жеке құрамымен тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын қолдану бойынша сабақтар толық көлемде өткізілді.

Жамбыл облысының өртке қарсы қызмет гарнизонында сығылған ауа 435 баллондары бар, оның ішінде: 285 дана Компазиттік баллондар және 150 Болат боллондар. Министрліктің бекітілген кестесіне сәйкес-470 әуе баллондары Алматы қаласының гарнизонында ағымды жылдың (наурыз, маусым) айларында куәландырудан өтті. Бүгінгі күні -470 әуе баллонынан -49 дана сынақтан өтпей "Брак"Х таңбасы қойыла отырып, пайдалануға жатпайды.

2021 жылдың 26 тамызында шамамен 18 сағат 50 минутта Байзақ ауданы, Коралевка ауылының маңында орналасқан №28349 әскери бөлімінің оқ-дәрілерді сақтайтын қоймасындаорын алғанжарылысқа байланысты, мекеменің жарағында тұрған:

- 27 дана  сығымдалған ауалы аппараттары;

- 35  дана әуе баллондары;

- 10 дана жылжымалы датчиктері;

- 30 дана бетперде маскалары;

- 1 дана тепловизор жойылды.

Қазіргі уақыттаҚР ТЖМ Жамбыл облысыТЖДмемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 09 қыркүйек айындағы №165 Бұйрығымен қызметтік тергеу тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Газ түтінен қорғау қызметін ұйымдастыруда келесі мәселелер орын алуда:

Ауа  баллондарының вентилдерін мен   MSA «Аuer» аппараттарының өкпе аппараттарының қосалқы бөлшектерімен ауыстыру мәселелері;

«Аuer» и «Drager»  сығымдалған аппараттарының редукторлары мен өкпе автоматының мембраналары ауыстырылуы тиісті, сондай  бетперделерге қосалқы бөлшектерінің жетіспеу мәселесі;

Гарнизонда аудандық өрт сөндіру бөлімдері аз мөлшерді  жеке құрамдары болуы,  оңды моделді  газ түтінен қорғау қызметін құруға негізгі кедергі болуда.

Газ-түтінен қорғау автомобилі  жоқтылығы өз алдына мәселе болуда,  Тараз қаласы тұрғындар саны 351609 адам,  СН РК 2.02-30-2005 талабына сәйкес   3 газ түтінен қорғау автомобилі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат
Дата публикации
05 января 2022