Азаматтық қорғаныс іс – шараларын жоспарлауды ұйымдастыру АҚБ және ТЖД жұмыс жоспары, сондай – ақ ТЖМ басшылығының нұсқаулары мен тапсырмалары негізінде тоқсан сайын жүргізіледі.
Сондай – ақ, аппараттық, жедел және селекторлық кеңестер хаттамасының тармақтарын орындауды бақылау және ұйымдастыру тұрақты негізде жүргізіледі.
Министірлік басшылығының тапсырмасын орындау және ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының Қорғаныс Доктринасын бекітуге байланысты жергілікті атқарушы органның іс-қимыл жоспары болып табылатын Жамбыл облысының Азаматтық қорғаныс жоспарын қайта өңдеу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының Азаматтық қорғаныс жоспарының жобасы азаматтық қорғаныс комитетіне және әскери бөлімдерге келісуге жіберілді (жоспарды қайта бекіту 2022 жылдың шілдесіне дейін аяқтау жоспарлануда).
Сонымен қатар, АҚБ бастығы «Азаматтық қорғаныс іс – шараларын жоспарлау» тақырыбына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың АҚБ бастықтарымен оқу-әдістемелік жиындарға қатысты, онда әзірленген Азаматтық қорғаныс жоспарының жобасы жақсы жағына белгіленіп, басқа өңірлер үшін үлгі ретінде алынды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375–V «Кәсіпкерлік кодексі» 14-бабының 2 – 3 - тармағы және 143-баптың 1- тармағы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12 - бабы, 22-тармағының талаптарына сәйкес, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) жалпы объектілер тізімі және азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2021 жылға арналған тізімі құрылды.
Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы объектілер саны - 322, оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдар – 15 (4,7%);
- азаматтық қорғаныс саласындағы санатталған объектілер – 147 (45,7%);
- базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған объектілер – 144 (44,7%);
- көпшіліктің демалуына арналған табиғи және қолдан жасалған су қоймалары бекітілген ұйымдар – 16 (4,9%).
Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімі есеп және мәліметтер мониторингінің қорытындысы бойынша құрылған. Тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшем шарттары негізінде 2021 жылға арналған азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімі бекітілуі бойынша жұмыстар жүргізілді.
Осыған байланысты 2021 жылдың азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне жалпы бақылаудағы 322 субъектілердің (объектілер) 57 субъектісі (17,7%) енгізілді, оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдар – 6 (40%);
- азаматтық қорғаныс саласындағы санатталған объектілер – 36 (24,5%);
- базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған объектілер – 15 (10,5%).
2021 жылғы 14 желтоқсандағы жағдай бойынша Жамбыл облысы ТЖД АҚБ жоспарланған 57 объектінің 42 (73,6%) объектісі тексерілді. Мекеме атауына енгізілген өзгерістерге және мекен жайының ауысуына байланысты 15 объекті тізімнен шешілді:
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Жамбыл облыстық филиалы, «PETROSUN» ЖШС, «Центральноазиатская Сахарная Корпорация» ЖШС «Таразский сахарный завод» филиалы,«Центральноазиатская Сахарная Корпорация» ЖШС Меркі филиал, «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Жамбыл облыстық телекоммуникациясы 11 объектісі тізімнен алынды.
Өткізілген азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау барысында 42 объектіде АҚ саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылуы бойынша 530 кемшілік (бұзушылық) анықталды (оның ішінде: өрескел – 369 (69,6%), елеулі – 119 (22,4%), елеулі емес – 42 (7,9%). Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 152-1 бабының талаптарына сәйкес 42 объекті басшыларына анықталған кемшіліктерді (бұзушылықтарды) жою бойынша әкімшілік іс қозғамай, ұйғарымдама берілді.
Ұйғарымдамадағы көрсетілген кемшіліктердің толық көлемде орындалғаны бойынша 31 объектіден дәлелді құжаттарымен ақпарат келіп түсті. Ұсынылған құжаттар негізінде бұл объектілер бақылаудан алынды («Шу ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ, «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС, «GEQOC» АҚ Шу аудандық филиалының 500 кВ подстанциясы, «Казфосфат» ЖШС «Шолақтау тау-кен өндірістік компаниясы», «Транстелеком» АҚ Тараз филиалы «Жамбылтранстелеком», «Тараз қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облыстық филиалы», «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «Торговый дом» «Топливно энергетический комплекс – Казахстан» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Жамбыл облыстық радиотелехабар тарату дирекциясы» «Қазтелерадио» АҚ филиалы, «Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» КММ, «Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімідігінің кәсіпкерлік және өндірістік бөлімі» КММ, «Талас ауданы әкімідігі аппаратының тұрғын үй - коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ, «Талас ауданы әкімідігі аппаратының кәсіпкерлік, өндірістік және туризм бөлімі» КММ, «Т. Рысқұлов ауданы әкімідігі аппаратының кәсіпкерлік және өндірістік бөлімі» КММ, «Т. Рысқұлов ауданы әкімідігі аппаратының тұрғын үй - коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ, «Т. Рысқұлов ауданы әкімідігі аппаратының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» КММ, «Шу ауданы әкімідігі аппаратының тұрғын үй - коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ, «Шу ауданы әкімідігі аппаратының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» КММ, «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының 7 объектісі).
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 152-1 бабы, 5-тармағына сәйкес қосымша уақыт пен үлкен қаржының қажеттілігіне байланысты бақылаудағы субъектілерінен кемшіліктерді (бұзушылықтарды) жою бойынша жоспар ұсынылды, 7 объектіге байланысты орындау мерзімі болып 2022 жылдың I-II-жартыжылдығына бекітілді («Талас ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Т. Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» КММ, «ИнтергазОрталықАзия» АҚ Тараз газ құбырының магистральды басқармасының «Ақыртөбе жер асты газ қоймасы», «КазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы, «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Меркі ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» КММ).
Анықталған өрескел бұзушылықтардың орындалмауына байланысты, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы, 3-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес Департамент тарапынан 4 объектіге ( «Жамбыл –жылу» ШЖҚ МКК, «Жамбыл-су» ШЖҚ МКК, «Қазақавтодор» РМК Жамбыл облыстық филиалы, «Жамбыл гипс» ЖШС) байланысты жоспардан тыс тексеріс тағайындалды.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 2 объектіде бұрын берілген нұсқамалардың барлық талаптары толық көлемде орындалғаны анықталды. ШЖҚ «Жамбыл-су» МКК нысаны бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар Жамбыл облысы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберлді. Аталған нысан 1 020 950 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қазақавтодор» РМК Жамбыл облыстық филиалы нысаны бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар Жамбыл облысы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберлді.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу Ережесін және азаматтық қорғаныстың объектілерін құру мен қолдану Ережесін түсіндіру, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды іске асыру тәртібін түсіндіру мақсатында Жамбыл облысы әкімінің аппараты өкілдерінің, облыстық Прокуратура қызметкерлерінің және облыстық Кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен АҚ қызметтері және азаматтық қорғаныс саласындағы санатталған объектілердің жауапты тұлғаларымен ағымдағы жылы 6 «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, өткізілді.
Жамбыл облысы ТЖД АҚБ-мен ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
24 қазандағы №732 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы» талаптарының орындалуы бойынша 5 жұмыс жобасы қарастырылды. Барлық жобалар бойынша түсіндіру жұмыстары мен әдістемелік көмектер және алғашқы деректер ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бюджеттік бағдарламаға сәйкес «Азаматтық қорғаудың Республикалық оқу-әдістемелік орталығында» Жамбыл облысынан 79 адам жоспарланып, 91 тыңдаушы оқудан өтті, жоспар 115%-ға орындалды.
ТЖД-нен 8 қызметкерді оқыту жоспарланды, жоспар 100% - ға орындалды.
ТЖД негізінде 1336 адамды оқыту жоспарланды, іс-жүзінде оқытудан 1407 тыңдаушы өтіп сертификат алды, жоспар 105%-ға орындалды.
2020 жыл 2021 жыл
Талдау, 2021 жылғы жалпы тыңдаушылардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 49,8% көрсетуде.
Талдау, ағымдағы жылда азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау Жоспары бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен көзделген іс–шаралар толық көлемде орындалғанын көрсетуде.
"Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс" ұранымен өткен "Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін" мерекелеу аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
Оқу орындары мен мектеп жасына дейінгі мекемелерде ZOOM форматында 550 сынып сағаты, 162 кездесу, 20 дөңгелек үстел, 30 конкурс, 245 ашық сабақ, 157 пікірсайыс және 22 семинар өткізілді.
Тараз қаласында және облыс аудандарында өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есіктер мен азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар, жаттығулар өткізілді. Азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттау мақсатында облыс аумағында 12 баннер орналастырылды. Облыс аудандарында " ЛЭД " экрандарында азаматтық қорғаныс тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсетілді. Әлеуметтік желілерінде "ал Сен азаматтық қорғанысқа дайынсың ба?» тақырыбында "Челендж" әзірленіп таратылды. Төтенше жағдайлар бөлімдері флэш-мобтар, байқаулар өткізді, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтық қорғаныс саласы бойынша мақалалар жариялады. Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының 77 ТВ телеарнасында, сондай-ақ Тараз қаласы ТЖ басқармасының азаматтық қорғаныс тобының қызметкері радиода сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында азаматтық қорғау негіздері және азаматтық қорғаныстың қалыптасу тарихы, сондай-ақ Жамбыл облысы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының негізгі міндеттерін облыс халқына жеткізді.
Айта кету керек, жүргізілген жұмыс өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда суға батқан адамдардың санын 3,5 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Есепті кезеңде облыстың су айдындарында 4 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала (2020 жыл 13/7).
Атқарылған іс-шаралар.
Ағымдағы жылғы 21 шілдеде Жамбыл облысының төтенше жағдайлардын алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы жоспардан тыс өтті. Комиссия отырысында облыс аумағындағы су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша қабылданатын шаралар және балалар демалысын (бос уақытын) ұйымдастыру, балаларды жүзуге үйрету, коммуналдық жағажайлардың санын арттыру, балаларды жүзуге үйрету үшін каркасты бассейндерді сатып алу мәселелері қаралып, Тараз қаласы және аудан әкімдіктеріне бір қатар тапсырмалар қойылды. Тараз қаласы «Дельфин» және «Тараз арена» спорт комплекстарының базасында ақылы негізде 1905 бала жүзу курстарынан өтті, олардын 538-і спорт секцияларына қатысады. Көп балалы отбасылардан шыққан 83 бала тегін оқытылды. ТЖД «Жедел құтқару жасағы» 211 баланы жүзуге үйретті.
2021 жылы суға шомылу маусымы кезеңінде суда рейдтік іс-шараларды жүргізудің бекітілген тәртібін жүзеге асыру мақсатында Департамент, Жамбыл облысының ПД-мен бірлесіп, тұрақты негізде азаматтардың қоғамдық орындарда болу (спирттік ішімдіктерді ішу) және ортақ су пайдалану ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша профилактикалық рейдтер және патрульдеу жүргізді.
Сонымен, ӘҚБтК 440 – бабының «Қоғамдық орындарда болу ережелерін бұзу» талаптарын бұзғаны үшін 1 млн. 513 мың 890 теңге сомасына 190 (2020 ж. – 187 адам, 1 млн. 479 мың 791 теңге) адам, ал 364-бабы «Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу» бойынша ескерту түрінде 64 адам (2020 ж. - 222) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Халықты және аумақты қорғау.
Жамбыл облысы халқы мен ТЖД жеке құрамы үшін жеке қорғану құралдарын (бұдан әрі-ЖҚҚ) сатып алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға (03.03.2021 жылғы №22-і шығ.хаты) және Республикалық бюджетке (19.03.2021 жылғы №2-і шығ.хаты) бюджеттік өтінімдер берілді. Осыған байланысты жеке қорғаныс құралдарына қажеттіліктің есептері дайындалды. Ағымдағы жылғы қыркүйек айында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Мамандырылған базасы» КММ және Тараз қаласы әкімшілігімен 1000 дана (УЗС ВК) маркалы газтұмша сатып алынды.Қазіргі уақытта Жамбыл облысының халқы жеке қорғану құралдарымен 11% қамтамасыз етілген. (Жүргізілген есептеулерге сәйкес халықтың жеке қорғану құралдарына қажеттілігі 29913 дана құрайды, іс жүзінде 3913 дана газқағар бар, жеке құрам үшін 397 дана сатып алу қажет).
ЖҚҚ сақтау облыс әкімдігінің қоймасындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің тапсырмаларын орындау барысында АҚБ қызметкерлері Тараз қаласы, Меркі және Талас ауданының қауіпті химиялық заттардың таралуына байланысты мүмкін болатын төтенше жағдайлардың картасын әзірледі.
Ағымдағы шылғы 21 шілдеде өткізілген Жамбыл облысының төтенше жағдайлардын алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысы барысында, Жамбыл облысы аумағында орналасқан химиялық қауіпті объектілердің қауіпсіз реагенттерге көшуі мәселесі қарастырылып, объект басшыларына нұсқаулықтар берілді.
Ағымдағы жылғы 26 тамызда Байзақ ауданында орын алған Төтенше жағдай кезінде, Департамент базасында жедел-штаб құрылды. Төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргізу барысында Азаматтық қорғаныс басқармасы және АҚ қызметтерімен бірлесіп халықты ТЖ аймағынан қауіпсіз аймаққа көшіру іс-шаралары бойынша қызметті үйлестіру, оларды орналастыру және тыныс-тіршілігі, эвакуациялық құрама пункттердің жұмысын ұйымдастыру, қалыптасқан ТЖ туралы халықты хабардар ету ұйымдастырылды.
Атқарылған жұмыстар БАҚ-тағы келеңсіз жайттарды азайтуға септігін тигізді.
Жамбыл облыстық АҚМЖ кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында әр түрлі деңгейде азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар өткізілуде. Жоспарға сәйкес Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Көктем-2021», «Қыс-2021», «Жер-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуларға қатысып, жоғарғы деңгейдегі дайындығын көрсетті.
2021 жылға арналған Жамбыл облысының аумағында азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу жоспарына сәйкес жыл басынан аумақтық деңгейде 63 (2020 жылы-38) , объектілік деңгейде 3523 оқу- жаттығу өткізілді (2020 жылы-765).
2020 жылға 2021 жылға
2020 жылмен салыстырғанда талдау оқу-жаттығулардың санын 4,5 есе артқанын көрсетеді.
Анықтама:
Аумақтық деңгейде: 5 кешенді, 18 командалық-штабтық, 11 жер сілкінісі туындаған жағдайдағы азаматтық құрылымдарының іс-қимылдары бойынша командалық-штабтық жаттығу, 29 тактикалық арнайы оқу-жаттығу.
Объктілік деңгейде: 40 кешенді, 400 объектілік, 453 авариялық жағдайдағы жаттығу, 54 штабтық, 246 арнайы-тактикалық оқу-жаттығу, 78 селе жаттығу, 2045 сейсмо жаттығу; 196 өрт-тактикалық жаттығулар кезіндегі эвакуация.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткен босқындарды қабылдау және орналастыру жөніндегі іс-шараларды дайындау және өткізу тақырыбында «Ағын-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу, «Қорғау-2021» командалық-штабтық жаттығу өткізілді. 2020 жылы пандемияға байланысты аталған жаттығулар өткізілмеген.
Басқару органдарының, аумақтық және объектілік азаматтық қорғау құралымдарының ТЖ салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға Тараз қаласы және Байзақ, Шу, Сарысу, Жамбыл, Мерке, Қордай, Мойынқұм, Талас аудандарында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. 7. Күзгі – қысқы кезең
Күзгі - қысқы кезеңде 2021-2022 жылғы балық аулаушылар мен аңшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында, балық аулау орындарында, өткелдерде 351 рейдтік іс-шаралар барысында, аңшыларға, балықшыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар берілді, 3183 үгіт-насихат материалдары таратылды.
Облыс аумағында 5 мұзда балық аулау орындары анықталды, 60 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды. Судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша 408 нұсқамалар және білім беру мекемелерінде 38 интерактивті сабақтар өткізіліп 1689 оқушылар қамтылды.
Күзгі – қысқы кезеңде ТЖД және аумақтық бөлімше қызметкерлерімен келесі іс – шаралар ұйымдастырылды:
2-теледидарда сөз сөйлеу;
5-баспа басылымдар;
4-радиоэфир;
10-интернет ресурсына ақпарат жіберілді;
2-брифинг;
1-дөңгелек үстел.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Жамбыл облысы Төтенше
жағдайлар департаменті Азаматтық
қорғаныс басқармасының бастығы майор Р. Шариев