Жамбыл облысында жылыту маусымы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қазіргі таңда жылу беру жүйелері температуралық графикке сәйкес жұмыс атқаруда, жылыту маусымы технологиялық ақаусыз тұрақты қызмет атқаруда (9- отын энергетикалық кешендер, 444 – автономды қазандық, 3285 – әлеуметтік маңызы бар нысандар штаттық режимде қызме атқаруда).

Жылумен жабдықтау кәсіпорындары, жылу жүйелері (340 км.), электржелілері (13400 км.), газқұбыры желілері (5700 км.)  белгіленген штаттық режимдер шегінде ауытқусыз жұмыс істеуде.

Жылыту кезеңінің басынан бастап тұрғын үй секторында (2021 жылғы 15 қазаннан қазіргі кезге дейін) 126 өрт болды, бұл өткен жылыту кезеңіне қарағанда 35 % кеміген (2020-2021 жж. - 195). Өрттен жарақат алғандар саны 3 жағдайға артты (2020-2021 жж. – 2, 2021-2022жж – 5), ал қаза болғандар саны 1 жағдайға көбейді (2020-2021 жж. – 4, 2021-2022жж – 5).  Улы газбен уланудан қаза болғандар саны 1 жағдайға (2020-2021 жж. – 2, 2021-2022жж – 1), және жарақат алғандар саны 6 есеге азайды (2020-2021 жж. – 31, 2021-2022 жж – 6).

Жалпы, тұрмыстық өрттердің және улы газбен улану оқиғаларын алдын алу мәселесі 2021 жылы 30 қыркүйекте облыстық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында алдын ала қаралды.

Ағымдағы жылы жылыту маусымында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері «КазТарнсГазАймак» АҚ филиалы, еріктілер және жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірлесіп 74653 тұрғын үйді аралап, түсіндіру жұмыстарымен 108 мыңнан астам адамды қамтыды. Халықпен 1303 жиналыс және жиын ұйымдастырылып, өткізілді, онда 19 мыңнан астам адам қамтылды.  Бұқаралық ақпарат құралдарында 516 сюжет (баспа - 432, ТВ-36, радио 48) және интернет-ресурстарда  391, әлеуметтік желілерде материал 335 мақала жарияланды. Адамдар көп жиналатын объектілерде дауыс зорайтқыш байланысы бойынша            7  мың сөз сөйлеу өткізілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өртке қарсы тақырыпта 14 билборд пен 9 баннер орнатылды. Әлеуметтік осал топтары тұратын 6600 тұрғын үй есепке алынды. Қазіргі уақытта аталған үйлер алдын алу жұмыстарымен қамтылды, оның ішінде 4821 үйге жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірге барып, 11623 азаматқа нұсқау берілді.

Профилактикалық тексеру барысында 2182 тұрғын үйде негізінен электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын, автономды жылыту жүйелерін пайдаланумен байланысты 2979 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылығы анықталды.

Осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерінде 1188 улы газ датчиктері, оның ішінде 948  улы газ датчигі және 240 табиғи газ датчигі орнатылды. «КазТрансГазАймак» АҚ ЖӨФ газ отынды тұрғын үйлерге 16312 газталдағыштарды орнатты. Тараз қаласы мен аудан әкімдері тарапынан аз қамтылған отбасылардың 105 жеке тұрғын үйлеріндегі жылыту пештеріне жөндеу, 98 тұрғын үйдің жарамсыз электр сымдарын ауыстыру және 11 тұрғын үйдегі мұржаларды тазарту және жұмыстары жүргізілді.

Пәтер иелері кооперативтері өкілдері, газ-электр шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп халық арасында 1134 жиын ұйымдастырылып               17386 тұрғынға кеңестер берілді. Аталған іс-шара барысында электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғындардың өртке қарсы нормалар мен тұрғын үй-жайларда жылу беру пештерін, газ баллон қондырғыларын орнату және ұстау кезіндегі талаптарды сақтау бойынша халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп 171666 дана жадынамалар таратылды.

Тұрғын үй ұйымдарының басшыларымен (пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелері ұйымдары) көп пәтерлі тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 3 оқыту семинары өткізілді.

Білім беру ұйымдарында 149 мектептің 6971 оқушысының қатысуымен                    71 интерактивті сабақ жүргізілді. Облыс аумағындағы 617 бақылаудағы объектіде 8385 қызметкердің қатысуымен өртке қарсы нұсқаулық өткізілді.

Ағымдағы жылы облыс аумағында білім беру және әлеуметтік сала объектілерінде норманы бұзып орнатылған 10 ғимараттан (2 - спорт ұйымы, 2 –бала бақша, 2- дәрігерлік амбулатория, 4 – бастауыш мектеп) жылу қазандықтарын қауіпсіз жерге көшірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

баяндама
Дата публикации
25 января 2022