"Жамбыл облысы төтенше жағдайлар Департаменті " ММ
өтініштерді қарау тәртібі
Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» (бұдан әрі-Кодекс),
16 қарашадағы №401 "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2021 жылғы 19 мамырдағы "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" №70 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу тәртібі
"ҚР ТЖМ Жамбыл облысы төтенше жағдайлар Департаменті" ММ келіп түскен жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір және ұсыныс «Электрондық жолданымдар» АТЖ-да міндетті түрде тіркеледі.
Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді және ұсынысты тіркеу Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабымен көзделген мерзімде жүргізіледі.
Жолданымға қойылатын жалпы талаптар
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Жолданымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу.
Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Арыз иесінің жолданымды кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қайта жолданым беру құқығынан айырмайды.
65-бап. Жолданымды уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға әрі қарай жолдау
Жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.