2021 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Жамбыл  облысы  аумағында  табиғи  және  техногендік сипаттағы 688 (2020ж -754) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 8,8% төмен). 688 ТЖ мен оқиғалардың 688-і ТЖ критерийіне жатады (2020ж –739). Салдарынан 16479 (2020ж – 3642) адам зардап шекті (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 352,5,% көбейді), оның ішінде 50 (2020ж –13) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 284,6% көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 57,49 (2020ж - 97,42) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 41,0% төменді.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны 666 (2020ж – 717) оқиғаны құрады, оның ішінде 99,5% (663) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 51 оқиғаға немесе 7,1% азайды. Зардап шеккендердің саны 152 (2020ж – 25) адамды құрады (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 508% азайды), оның ішінде 39 (2020ж – 13) адам қаза болды  (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 200% төмен).

Табиғи сипаттағы ТЖ саны  22 (2020ж – 37) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 3,1% құрады. Табиғи ТЖ салдарынан 16327 (2020ж – 3617) адам зардап шекті (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 351,3%  көбейді), оның ішінде 11 (2020ж –0) адам қаза болды (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 11 есеге  көбейді).

Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық төмендеуі белгіленуде. 

 

Анализ
Дата публикации
12 января 2022