2021 жылдың қазан айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау (өсу ретімен)

Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қазан айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 553 (2020ж -593) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 6,7% төменді). 553 ТЖ мен оқиғалардың 553-і (2020ж -579) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 22457 (2020ж –3612) адам зардап шекті, оның ішінде 42 (2020ж - 8) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 425,0 % көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 32,71 (2020ж -72,5) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 54,9% азайды.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны 532 (2020ж -560) оқиғаны құрады, оның ішінде 96,6% (514) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 28 оқиғаға немесе 5% төменді. Зардап шеккендердің саны 143 (2020ж –14) адамды құрады (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 10,2 есеге көбейді), оның ішінде 32 (2020ж – 8) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 4 есеге көбейді).

Табиғи сипаттағы ТЖ саны 21 (2020ж –33) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының  3,7% құрады. Бұл 2020 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 36,3%  азайды. Табиғи ТЖ салдарынан 22314 (2020ж –3598) адам зардап шекті (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 520,17% көбейді ), оның ішінде 10 (2020ж –0) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 10 есеге көбейді).

Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық төмендеуі белгіленуде. 

 

Талдау
Дата публикации
03 ноября 2021