Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 507 (2020ж – 500) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 1,4% көбейді). 507 ТЖ мен оқиғалардың 507 (2020ж - 485) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 15189 (2020ж –3601) адам зардап шекті (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 321,8% көбейді), оның ішінде 41 (2020ж - 6) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 583,3% көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 24,36 (2020ж – 57,66) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 57,8% азайды.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 486 (2020ж – 468) оқиғаны құрады, оның ішінде 95,6% (465) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 18 оқиғаға немесе 3,8% көбейді. Зардап шеккендердің саны 141 (2020ж – 12) адамды құрады (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 11,75 есеге көбейді), оның ішінде 31 (2020ж – 6) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 5,1 есеге көбейді ).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 21 (2020ж – 32) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 4,1% құрады. Бұл 2020 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 34,3% азайды. Табиғи ТЖ салдарынан 15048 (2020ж -3589) адам зардап шекті (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 4,1 есеге көбейді), оның ішінде 10 (2020ж - 0) адам қаза болды (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 10 есеге көбейді).
Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық төмендеуі белгіленуде.