Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 310 (2020 ж –256) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 21,1% көбейді). 310 ТЖ өқиғалардың 310 ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 4861 (2020ж- 66) адам зардап шекті (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7265,2 % көбейді), оның ішінде 18 (2020ж- 2) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 800% көбейді ). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 15,49 (2020ж - 12,88) млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 20,3% көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 302 (2020ж – 248) оқиғаны құрады (21,7% көбейді), оның ішінде 77,8% (235) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 54 оқиғаға немесе 21,7% көбейді. Зардап шеккендердің саны 22 (2020ж - 7) адамды құрады (2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда 3.1 есе көп ), оның ішінде 14 (2020ж – 2) адам қаза болды (2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда 7 есе көп).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 8 (2020ж - 8) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 2,5% құрады. Бұл өткен жылдың деңгейінде.. Табиғи ТЖ салдарынан 4842 (2020ж-59) адам зардап шекті (2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда 82,06 есе көп), оның ішінде 4 (2020ж-0) адам қаза болды.
Тараз қаласында және облыстық барлық аудандарда ТЖ өсуі байқалады.