Төтенше жағдайлар статистикасы

2021 жылғы 4 айында ведомстволық бағынысты бөлімшелермен 450 адам (2020 ж. – 478, -5,8%) құтқарылды, эвакуацияланған 705 адам (2020 ж. – 395, + 78,5%), дәрігерге дейінгі медициналық көмек  40 адамға (2020 ж. – 40) көрсетілді.

1219 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүзеге асырылды (2020 ж. – 1195, +2%), оның ішінде:

  • тұрмыстық сипаттағы – 293;
  • авариялық-құтқару жұмыстары – 365;
  • іздестіру-құтқару жұмыстары – 26;
  • жол-көлік өқиғалары – 70;
  • өрт деп есепке алынбайтын жану оқиғалары– 284;
  • өртке - 181

2021 жылғы 4 айында 197 (2020 ж. – 167, +18%)  техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алмағанда) тіркелді. 3166 адам зардап шекті (2020 ж. – 147, +21,5 есе), оның ішінде 11 адам қаза болды (2020 ж. –2, +5,5 есе).

 

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар – 192 (2020ж.– 164, + 17%), оның ішінде – 16 адам зардап шекті (2020 ж. –7, +2,3 есе), оның ішінде 9 адам қаза болды (2020 ж. 2, +4,5 есе), оның ішінде:

- 1 (2020 ж. 0) - көлік аппаты;

- 191 (2020 ж.  164)өндірістік және  тұрмыстық өрттер мен жарылыстар, техногенді сипаттағы қайғылы оқиғалар

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – 5 (2020 ж.– 3, +67%),  оның ішінде зардап шеккендер – 3150 адам (2020 ж. – 140, +22,5 есе), 2 адам қаза болды (2020 ж.– 0, +2 есе)оның ішінде: 

- 1 (2020 ж. –1) – аса қауіпті аурулар мен уланулар;

- 4 (2020 ж. 1) - гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар.

- 0 (2020 г. 1) жерсілкінісі

 

 

Дата публикации
27 мая 2021