Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінің 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңдегі ТЖ – ға ден қою қортындылары және алдағы шомылу маусымына дайындық туралы

«Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінің 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңдегі ТЖ – ға ден қою қортындылары және алдағы шомылу маусымына дайындық туралы»

 

2020-2021 жылдардағы қысқы кезең Жамбыл облыс аумағында тұрақсыз ауа-райы жағдайларымен сипатталды, қазаннан желтоқсанға дейінгі өте жылы ауа-райы қатты желмен, жауын-шашын мен қар түрінде жауған жауын-шашынмен алмастырылды.

Қысқы сипаттағы ТЖ-ға байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланбағанын атап өткен жөн. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс 18 рет жабылды (2020 ж.- 6).

2021 жылғы қысқы кезеңде облыстың жолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД құтқару бөлімшелері 14 рет жолға шықты                   (2020 ж.-8).

ТЖД бөлімшелерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қоюының арқасында адамдардың қаза бролуы мен жарақаттануы жағдайларына жол берілген жоқ.

Жергілікті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде 278 адам құтқарылды, оның ішінде 29 бала және 158 адам басқа орынға көшірілді, оның ішінде 20 бала (2020 ж.-801).

Қар құрсауынан 101 техника (2020 ж. - 132), оның ішінде 15 жүк және 86 жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл ретте 13 жылыту пункттері іске қосылды                   (2020 ж.-17).

Трассалық медициналық-құтқару пунктерінде шұғыл ден қою бригадалары 101 рет жолға шықты, оның ішінде жол көлік оқиғасына 79 рет барды. Зардап шеккен 61 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 9 бала, емдеу мекемесіне 35 адам эвакуциаланды.

Қысқы кезеңдегі ТЖ салдарын жою үшін 103 адам, оның ішінде ЖАО 14, ТЖД 57, ПД 32 жеке құрам және 43 бірлік техника тартылды.

«Қыс-2020» Респуликалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу барысында АҚ құрлымдары мен қызметтерінің қысқы жағдайлардағы,  құлақтандыру және байланыс жүйелеріндегі іс-қимылдарға әзірлік дәрежесі өткізілді. Берілген сигналдарға сәйкес облыстың басқару органдарына және 294 азаматтық қорғау құалымдарына әзірлік жүргізілді.

Жолдардағы жағдайлар туралы ақпарат тұрақты негізде ТЖД сайтының беттерінде және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Халықты ауа-райының нашарлауы және автожолдардың жабылуы туралы хабардар ету смс хабарламалар (114 хабарлама), «Дармен» қосымшасына                       (104 хабарлама)  жіберу арқылы жүзеге асырылды.

Адамдардың қаза болуына жол бермеу және облыстың су айдындарында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында ТЖД қызметкерлері іс-шаралар кешенін өткізді.

Анықтама.

- өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес (Денсаулық сақтау білім беру басқармалары мен балық шаруашылық инспекциясымен) ТЖД қызметкерлері және балық шаруашылық инспексяиы демалыс күндері балық аулау және аң аулау орындарында 225 аралау мен рейд өткізді.

- балықшылар мен аңшыларға 6000 мыңға жуық (5973) жадынама таратылды, балық аулау және аң аулау кезінде суда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізілді.

- балық аулау және аң аулау кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша балықшылар мен аңшылардың қауіпсіздігі тақырыбы бойынша 13 акция өткізілді. Акция аңшылық және балық аулау дүкендерінде өткізілді, онда қауіпсіздік ережелері бар плакаттар мен буклеттер таратылды.

- облыстың оқу орындарында ZOOM платформасында 15000-нан астам оқушыны қамти отырып, мұзда болған кезде оқушыларға қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша 25 интерактивті сабақ ұйымдастырылды және өткізілді.

Сонымен қатар, есептік кезеңде қабылданған шараларға қарамастан 2020 жылғы 28–ші қарашада Байзақ ауданы Үлгілі ауылының маңында суда бір оқиға тіркелді суғару каналында ойнау кезінде мұз астына түсіп, екі бала қайтыс болды            (6 және 9 жас).

Сонымен қатар, қысқы кезеңнен бастап төтенше жағдайларға ден қою барысында бірқатар проблемалық мәселелер анықталды, оның шешілуіне қысқы кезеңде қиын жағдайларға тап болған азаматтарды құтқару және қамтамасыз ету бойынша уақытылы және сапалы жүргізу байланысты.

- автожолдар бойынша қар тоқтатудың қанағатанарсыз қамтамасыз етілуі, коммуналдық және жол қызметтерінің қар жинау техникасымен нашар жасақталуы, жол ұйымдарында арнайы сүйрету техникасының болмауы.

Баяндалғанды ескере отырып, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2021-2022 ж.ж. қысқы кезеңде залалды азайту мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізу жоспарлануда:

- аудан әкімдіктерімен жылыту пунктеріндегі эвакуациаланған халықты тамақпен қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлермен ниет шарттарын жасасу туралы мәселені пысықтау;  

- алдағы қысқы кезеңге жол қызметтерінің жол және қар тазалау техникасын жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізу;

- эвакуациаланған жолаушыларды жол жүру орнына дейін жөнелту бойынша шаралар қабылдау үшін қар құрсауына түскен халықты эвакуациялау үшін автобус парктерімен және темір жол вакзалдармен өзара іс-қимыл жасау нұсқаулығын әзірлеу.

 

Шомылу маусымына дайындық бойынша

Жамбыл облысының аумағында 2021 жылдың басынан судағы оқиға тіркелген жоқ. 2020 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі алдын алу жұмыстары барысында, суға батқан адамдардың санын бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% пайызға төмендетуге  мүмкіндік берді (2020 жылы–16 адам суға батты., оның ішінде 7 бала, 2019 жылы – 22 адам., оның ішінде 12 бала).

        Қазіргі уақытта облыстық ТЖД «Жедел құтқару жасағының» күштері мен құралдары облыстың су айдындарындағы оқиғаларға жедел ден қою үшін дайындыққа келтірілді.  15 бірлік техника, 9 жүзу құралы (резіңке және метал қайықтар) және 93 бірлік құтқару жабдығы дайындалды.

  Ағымдағы жылы сәуірдің үшінші 10 күндігінде барлық деңгейдегі (облыстық, қалалық, аудандық). ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комисялардың отырыстарында шомылу маусымына дайындық мәселесін қарау жоспарлануда. Облыс әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы №168 қаулысына сәйкес облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 16 орын анықталды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен суда құтқару бөлімшелері орналасқан 3 қалалық жағажай (Тараз қаласындағы «Зербұлақ» көлі, Қаратау қаласындағы «Жартас» көлі және Жаңатас қаласындағы «Қалалық жағажай» көлі) жабдықталған. Жазғы шомылу маусымында жұмысты жоспарлайтын 50 ден астам жеке бассейіндер есепке алынды.

     Жыл басынан бері елді мекендерде 50 ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, оның барысында халықпен түсіндіру сұхбаттары өткізіліп тұрғындармен 25 жиын ұйымдастырылды, онда су айдындарындағы негізгі қауіпсіздік шаралары жеткізілді, сондай-ақ жасанды және далалық су арналарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар берілді.

   Облыс су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу және оған жол бермеудің бірлескен жоспарын  облыс әкімінің орынбасарымен бекітіп барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді. Дайындық кезеңінде аталған жоспарға сәйкес оқу орындарында ата-аналар жиналысын өткізу жоспарланған, оның барысында балалардың суда қаза болуы себептері мен су айдындарында болу қауіпсіз ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы ескертілетін болады.

        Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

 

         Анықтама.

  2020 жылы суға шомылу үшін жабдықталған орындарда 2 оқиға орын алды, шомылуға тиым салынған орындарда 11 жағдай, 2 жазатайым оқиға ата-анасының қарауынсыз қалған, балалар каналдың жағасында ойнаған, 1 қысқы кезеңде балық аулау кезінде қауіпсіздіктің сақталмауынан адам өлімі тіркелді.

  Облыс аумағында 3 ағады (Талас,Шу, Аса), 100-ден астам су өткізу арналары бар, 3 көл бар (Ақкөл, Билікөл, Балхаш), 5 ірі су қоймалары бар (Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ, Ынталы, Қарақоңыз, Қақпатас) және 102 ұсақ су қоймалары.

  Аталған су айдындарында жергілікті атқарушы органдар шомылуға тиым салатын белгілер орнатуды жоспарлап отыр

Дата публикации
21 апреля 2021