ПРОТОКОЛ заседания комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Жамбылской области

Жамбыл облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндігі комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                 № 2                2021 жыл 10 наурыз                 

 

Төрағалық еткен:     Ұ.Е.Жазылбек – Жамбыл облысы әкімінің

                                    орынбасары - Жамбыл облысы төтенше   

                                    жағдайлардың алдын алу  және жою

                                    жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары

 

Қатысқандар:           Комиссия мүшелері, Тараз қаласы және

                                    аудан әкімдері бейнеселекторлық режим  

                                    арқылы  

                                    (тізім қоса тіркеледі)

 

 Аммиак селитрасын қауіпсіз сақтау және тасымалдау мәселелері бойынша

(Байзақов Т.Т., Аманов Қ.Т.)

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік     қауіпсіздік комитетінің Жамбыл   облысы бойынша департаментінің басшысы  Талғат Тоқсанадилович Байзақовтың, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы  Қайрат Тилеубаевич Амановтың және «Қазақстан темір жолы» ҰК Жамбыл облыстық филиал басшысы Берік Сагинбекович Ақшаловтың  ақпараттары назарға алынсын.

        Жоғарыда айтылғандарға байланысты техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу үшін мыналарды ұсынамыз:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына:

            Аммиак селитрасын сақтау орындарының есебін жүргізуді және сақтау талаптарының орындалуын бақылауды жүргізу

 

                                                               Орындау мерзімі: тұрақты

 

 

  1.  Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және облыстық ТЖ департаменті (келісім бойынша):

        - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын ескере отырып, сақтау орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысын қадағалау:

        - өртке қарсы қауіпсіздік;

        - ықтимал тұтанудың алдын алу үшін басқа заттармен бірге сақтауға жол бермеу.

        - есепке алынған кәсіпорындарды жарылыс нысан ретінде ескеріп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында                                    ҚР Заңнамаларына сәйкес тексеруді ұйымдастыру.

 

                                                                Орындау мерзімі: тұрақты

  1. «Қазақстан темір жолы» ҰК Жамбыл облыстық филиал басшысы Берік Сагинбекович Ақшаловқа (келісім бойынша):

          Аммиак селитрасын  тасымалдау мәселелері бойынша апта сайын қай ауданға және қандай кәсіпорындарға қанша тонна селитра жөнелтілгені туралы ақпаратты есеп беру жұмыстары жүргізсін. Осы атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылып отырсын. Аммиак селитрасын  тасымалдау кезінде қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілсін.

Орындау мерзімі: тұрақты.

 

  1. Жеке кәсіпкер Габит Кадырұлы Тогжигитов (келісім бойынша):   Азотты миниралды тыңайтқыштарды «Казфосфат» ЖШС қоймаларында қауіпсіз сақтау 

                                                     Орындау мерзімі: тұрақты.

 

  1. Комиссия хатшысымен бірге мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына қойылған міндеттердің орындалуын қатаң бақылауға алсын.

                                                    Орындау мерзімі: тұрақты.

 

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары,                                                        комиссия төрағасының орынбасары                  Ұ.Жазылбек

       

Дата публикации
12 марта 2021