Протокол межведомственной государственной комиссии по предупреждению и ликвидации ЧС

Жамбыл облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                 № 1                                      2021 жыл 1 ақпан                  

 

Төрағалық еткен:     Ұ.Е.Жазылбек – Жамбыл облысы әкімінің

                                    орынбасары - Жамбыл облысы төтенше    

                                    жағдайлардың алдын алу  және жою

                                    жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары.

 

Қатысқандар:           Комиссия мүшелері, Тараз қаласы және

                                    аудан әкімдері бейнеселекторлық режим арқылы   

                                    (тізім қоса тіркеледі).

 

  1. Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен оларды жою жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасының және 2021 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне гидротехникалық, қорғау құрылыстары мен арық-дренаж жүйелерінің жағдайы туралы

 

  1. Жамбыл облысының Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Меркі өзенінде сел ұстайтын бөгет салу және Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Көксай» шатқалында қар ұстайтын қалқандар салу жағдайы туралы

 

  1. «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру іс-шаралары туралы

 

 

  1. Облысы аумағындағы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін басқару органдарымен күштерінің «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге дайындық шаралары туралы.

                                                                                 

(Т.Айтбаев, М.Бейсенбаев, Е.Әбдраймов, А.Оразбеков, Қ.Бедебаев, С.Ақбердиев, А.Тулеубаев, О. Такеев)

 

  1. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Т.Айтбаевтың, ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» РМК ШЖҚК Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары М.Бейсенбаевтың, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Е.Әбдраймовтың, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Оразбековтың, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қ.Бедебаевтың, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау ММ» Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы филиалының басшысы С.Ақбердиевтің, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы А.Тулеубаевтың ақпараттары назарға алынсын.
  2. Тараз қаласы мен аудан әкімдері, Шу-Талас бассейндік инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы заң талаптарына сәйкес:

          2.1 Тараз қаласындағы автобекет маңындағы Талас өзені бойында орналасқан көпір астындағы су арнасының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін тиісті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

            Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 наурыз.

          2.2 Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылы маңындағы Талас өзені су арнасының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстарын жүргізсін.

          Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 наурыз.

2.3 Меркі ауданы аумағында орналасқан Кеңес, Ақермен 1, 2,  Аспара    1, 2 тоғандарының шлюздарын жөндеу және дамбаларын нығайту жұмыстарын жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 қыркүйек.

2.4 Шу ауданы аумағындағы «Ескі Тасөткел» бөгетіндегі су тасқынынан  сол жерде орналасқан шаруа қожалығына келетін қауіпті жою мақсатында су ағынын баяулатқышты қалпына келтіру шараларын жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

2.5 Мойынқұм ауданындағы малшы ауылдарына баратын жергілікті Мойынқұм - Комсомольская жолындағы апаттық көпірге және «Радай» бөгетіне тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 маусым.

2.6 Т.Рысқұлов ауданындағы «Байтелі» су қоймасының дамбасы мен «Шілік» су қоймасының тосқауылына жөндеу, табанын тазалау шаралары іске асырылсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 сәуір.

2.7 Үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында Талас ауданы Майтөбе ауылы маңындағы автожол бойында орын алған жағдайдың қайталанбауына бағытталған шаралар қабылдансын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

2.8 Тараз қаласы мен аудандарға қарасты аумақтарда арналар мен арық желілерінің, каналдардың және дренаждарының жай-күйіне тексеру жасап, су өткізу қабілетін арттыру бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

2.9 Талас ауданы Майтөбе ауылында таудан аққан судың салдарынан автожол бойын су алып кету жағдайларды болдырмау үшін, қауіпті аймақтарда алдын алу шараларын жүргізіп, топоснимок түсіру жұмыстарын ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: түрақты түрде.

2.10 Қардың еруінен жиналған, жанбырдан және тау бөктерінен аққан суларды халықтың егін шаруашылығына пайдалану үшін арнайы дамбаларға жинау шараларын қарастырсын.

Орындау мерзімі: түрақты түрде.

2.11 Аудан аумақтарында ботометриялық зерделеу шараларын жүргізуді ұйымдастырсын.

 Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

  1. Тараз қаласы мен аудан әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары заң талаптарына сәйкес:

3.1 су бұру арналарының, дренаж және арық желілерінің жай-күйіне тексеру жүргізіп, су басуға ықтимал ұшырайтын елді мекендер мен аумақтарды анықтасын.

 Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

3.2 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету үшін           жанар-жағар май, инертті материалдар мен қажетті құрал-саймандар қорын қалыптастырсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

3.3 су тасқыны жағдайы шиеленіскен уақытта қажетті жұмыстарды жүргізу үшін күштер мен құралдардың уақтылы тартылуы бойынша тиісті шаралар қабылдасын.

Орындау мерзімі: су тасқыны болған жағдайда.

3.4 эвакуацияланатын халықты қабылдау пункттерін дайындау, қауіпсіз эвакуациялау жолдарын, қажетті көліктің санын нақтылау және зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялау жағдайында қауіпсіз орындарға орналастыру жұмыстары жүргізілсін.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңінде.

3.5 азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының құрамын анықтау, жүзу құралдарын, су сорғыш құрылғылары мен басқа да техникаларды қауіпті учаскелерге бекітсін. 

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

3.6 2021 жылғы көктемгі су тасқынын дайындау және өткізу жөніндегі              іс-шаралар жоспарындағы тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз етсін.

 Орындау мерзімі: белгіленген мерзімдерде.

3.7 бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарламалар беріліп, елді мекендерде рейдтік шаралар мен тұрғындармен жиындар өткізілуін ұйымдастыру және су тасқыны кезіндегі іс-қимыл әрекеттері туралы жадынамалар таратылсын.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңінде.

3.8 су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан өндірістік нысандар мен тұрғын үйлерді көшіру мәселесін құқықтық бағалау бойынша жүргізсін.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңінде.

3.9 Тараз қаласына қарасты Талас өзені бойында орналасқан саяжайдағы үйлердің су алып кетуі қауіпін алдын алу үшін зерделеу шараларын жүргізіп, шешу жолдарын қарастырсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз

  1. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалына (келісім бойынша) заң талаптарына сәйкес:

         4.1 облыс аумағында ірі су қоймаларының толықтырылуына күнделікті мониторинг жасалып, мүдделі мемлекеттік органдарға мерзімінде ақпарат беруді жалғастырсын.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңінде.

         4.2 Қазгидрометтің алдын ала берген болжамын ескере отырып, қар қорын, су қоймаларының қауіпсіз көлемі туралы ақпарат беру және олардың толу көлемін нақтылап, бақылау және қажет болған жағдайда оларды алдын ала босату шараларын келісе отырып, жүргізу тапсырылсын.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңінде.

         4.3 жауын-шашынның түсу болжамын ескере отырып, су қоймаларында тасқын суларды қабылдау бойынша бос көлемдерін нақтылап, тиісті шаралар қабылдасын.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңінде.

  1. Тараз қаласы мен аудан әкімдері, «ҚТЖ «ҰК» АҚ Жамбыл филиалы мен «Қазақавтожол «ҰК» АҚ басшыларына (келісім бойынша):

         5.1 көпірлердің, инженерлік және басқа да жол бойындағы су өткізу құрылыстарының тасқын және еріген сулардың жоғары көлемін өткізуге дайындығын тұрақты бақылануын қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

         5.2 темір жолдардың, республикалық көлік магистральдарының, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың құйылу және бұзылу қатерін жою бойынша уақтылы шаралар қабылдасын.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңінде.

5.3 Алматы-Ташкент республикалық маңызы бар жолынан («Кіші Арал» су қоймасының маңында) су өтетін құбырын уақтылы қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

  1. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша) заң талаптарына сәйкес:

6.1 «Қазгидромет» РМК филиалының дауылды ескертулері келіп түскен жағдайда, ұялы байланыс операторлары арқылы ықтимал төтенше жағдай туралы облыс тұрғындарын, шаруашылық жүргізу объектілерін шұғыл хабардар етуді (СМС-хабарлама) жүзеге асырсын.

 Орындау мерзімі: су басу қаупі кезеңінде.

6.2 құтқару, арнайы техника, су сорғыш, жүзу құралдары мен тіршілікті қамтамасыз ететін құралдардын су тасқынына байланысты жүргізілетін шараларға жарамдылығын тексеру жұмыстары белгіленген мерзімдерде жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

6.3 электрсиреналарды (сиреналық-сөйлеу құрылғыларын) іске қосуды, телерадио хабарларын таратуды ұстап тұруды, мәтіндік                                        SMS-хабарламаларды таратуды жүзеге асыруды, ақпаратты ведомстволық интернет-сайтта орналастыруды, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды пайдалануды, сондай-ақ дабыл-дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықталған шұғыл әрекет ету қызметтерінің жедел автокөлігін тартуды және техникалық хабарландыру құралдары жоқ жерлерде аулаларды аралап шығуды қамтитын іс-шаралар кешенін дайындау мәселелерін пысықтасын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 наурыз.

  1. Тараз қаласының әкіміне, Жамбыл және Байзақ ауданы әкімдеріне, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу және облыс әкімдігінің құрылыс басқармаларына заң талаптарына сәйкес:

7.1 жол картасында жоспарланған іс-шаралар бойынша қосымша түзету шараларын жүргізсін.

Орындау мерзімі: Белгіленген мерзімдерде.

7.2 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешені жол картасын                 жүзеге асыру үшін қосымша қаражат қарауды және жылдан жылға жоспарланған жұмыстарды орындау бойынша шаралар қабылдап, іске асыруды жүргізсін.

Орындау мерзімі: Белгіленген мерзімдерде.

  1. Сарысу ауданы әкімдігі, ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша) заң талаптарына сәйкес:

Сарысу ауданы аумағында орналасқан «Өрт сөндіру» ғимаратына сейсмо-қорытынды алу жұмыстарын аяқтасын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 маусым.

  1. Тараз қаласы және аудан әкімдері, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы (жинақтау) заң талаптарына сәйкес:

Нысандарды сырттай (визуалды) қарау нәтижесінде, паспорттауға жататын обьектілердің тізіміне сәйкес, сейсмо-қорытынды алынған нысандардың сейсмо-күшейту жұмыстарын жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 наурыз.

  1. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау ММ» Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы филиалы (келісім бойынша) заң талаптарына сәйкес:

Облыс аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (сел, су тасқыны, қар көшкіні) туындағанда жұмылдырылатын арнайы техникалары (донғалақты экскаватор, Камаз, Уаз) мен тұрғын үй вагонын сатып алу үшін тиісті бюджеттік өтінім жасап, ұсыныс берсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 20 ақпан.

  1. Меркі және Жуалы ауданы әкімдіктері, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау ММ» Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы филиалы (келісім бойынша), облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына заң талаптарына сәйкес:

Меркі өзенінде сел ұстайтын бөгет салу, Жуалы ауданындағы «Көксай» шатқалында қар ұстайтын қалқанын орнату аумағында жер телімдерін беру заңдылығын қарап, шешу жолдарын қарастырсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 наурыз.

  1. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша) заң талаптарына сәйкес:

12.1 Жол картасында белгіленген жұмыстардың орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізсін.

Орындау мерзімі: тоқсан сайын.

  1. Тараз қаласының әкіміне және аудан әкімдеріне, мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына заң талаптарына сәйкес:

          13.1 Жамбыл облысында «Көктем-2021» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуына дайындығы мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауын басшылыққа алып, орындалуын қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімг: 4-5.03.2021 ж.

          13.2 «Көктем-2021» РКШОЖ дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес оқу-жаттығуды өткізуге дайындық актілерін басшысына ұсынсын;

Орындау мерзімі: 25.02.2021 ж.

          13.3 өткен жылдардагы орын алған су тасқыны жагдайларын ескере отырып, сондай-ақ ағымдагы жылғы ықтимал жағдайды ескере отырып, «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың сапалы еткізілуін, нақты жағдайларға жақындатылған жағдайда арнайы-тактикалық                                   оқу-жаттығуларды еткізуді қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: 4-5.03.2021 ж.

Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның хатшысы Т.Айтбаевқа жүктелсін.

 

 

Облыс әкімінің орынбасары, комиссия

төрағасының орынбасары                                                   Ұ.Ж

Дата публикации
03 февраля 2021