Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Штабы (топ құқығында) туралы Ереже

 

ҚР ТЖМ Жамбыл облысының
Төтенше жағдайлар департаментінің

2021 жылғы 9 сәуірдегі

№ 94 бұйрығына  6-қосымшасы

 

 

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Штабы (топ құқығында) туралы

Ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Штабы (топ құқығында) (бұдан әрі – Штаб) Жамбыл облысы Төтенше департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Штабтың құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
  4. Штаб:

1) бас маманнан;

2) аға инспектордан тұрады.

 

2-тарау. Штабтың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: Департаменттің қызметін үйлестіру және басқарушылық шешімдерді әзірлеу.

Функциялары:

1) Департамент бастығына азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді дайындау және енгізу;

2) Департаменттің басшылығына тиімділікті арттыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізе отырып, Департаменттің аппараты қызметтерінің, сондай-ақ аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басқару қызметінің жай-күйін, оның жұмысының соңғы нәтижелеріне ықпал ету дәрежесін зерделеу;

3) Департаменттің қызметінің негізгі бағыттары, Департамент бастығына ақапараттық-аналитикалық материалдарды,  сөз сөйлеулері мен баяндамаларды дайындау;

 

4) Департамент жұмыстарының нәтижелері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар мен есептік құжаттардың жобаларын, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды дайындауға қатысу;

5) азаматтық қорғау органдарының қызметіне ықпал ететін аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерден келіп түскен ақпараттарды жинақтау, жалпылау;

6) Департаменттің аппараты, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің регламенттері жобасына өзгерістер енгізу;

7) Департамент басшылығының іс-шаралар графигін ұйымдастыру және қалыптастыру;

8) Департамент басшылығының қолы қойылған хаттарды, нұсқауларды, бұйрықтарды келісуді жүргізу;

9) Департамент қызметіне қатысты құқықтық актілерді дайындау.

  1. Міндеті:

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының жанындағы жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастыру және өткізу.

Функциялары:

1) жедел жағдайды, азаматтық қорғау органдары жұмысының нәтижелерін талдау негізінде, Департамент қызметтерінің ұсыныстарын ескере отырып:

жедел кеңестер жұмысының жоспары (тоқсандық);

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері аппаратының, ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдары басшылығының аппараттық кеңесте сөз сөйлеу графиктері (жылдық) жобаларын әзірлеу  және Департамент басшылығына бекітуге енгізу;

2) Департамент басшылығының жанындағы жедел және аппараттық кеңестері қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3) ақпараттық-анықтамалық материалдарды, басқарушылық шешімдер жобаларын дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ алқалы жұмысты жүргізуге байланысты басқа да рәсімдік және ұйымдастыру мәселелерін іске асыру;

4) Департамент қызметтерінің Департамент басшылығының жанындағы жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастыруы кезінде орнатылған тәртіптің және регламенттің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

  1. Міндеті: Министрліктің аппаратындағы қызметтік жұмыстарға бақылау жасауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Департамент аппаратының Орындаушылық тәртіпті бақылау жөніндегі комиссия отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

2) Департаменттегі Орындаушылық тәртіпті бақылау жөніндегі комиссия құрамы туралы бұйрық жобасын дайындау және өзгерістер енгізу;

3) Қазақстан Республикасы Президенті мен Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің, жоғары тұрған инстанциялардың консультативтік-кеңесші органдарының актілерін және өзге де шешімдерін, Министрліктің Алқасының, Министр жанындағы жедел кеңестердің шешімдерін, Министрлік жоспарлары мен басқа да директивалық құжаттарын орындау үшін іске асырылатын іс-шаралардың нақты орындалуын тексеру;

4) олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін келіп түскен тапсырмалар мен құжаттардың орындалуына бақылау мерзімдерін белгілейді, қажет болған жағдайда тиісті шешімдер қабылдау үшін Департамент басшылығына уақтылы орындалмай жатқан және/немесе мерзімінде орындалмаған құжаттар туралы ақпараттық материалдар енгізеді, сонымен қатар Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің, қарамағындағы мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының орындауындағы бақылау құжаттары бойынша аралық бақылау (салыстырып тексеру) жүргізу;

5) Департаменттегі орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы аналитикалық материалдар дайындау;

6) Департаменттің жедел және аппараттық кеңестерінің жұмыс жоспарларының орындалуына мониторинг, талдау және бақылау жүргізу;

7) Департамент басшылығының іс-шаралары графигіне сәйкес Департамент бастығының отырыстарға (кеңестерге) қатысуына анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдардың, баяндамалар мен сөз сөйлеулер тезистерінің дайындалуын қадағалап үйлестіру.

  1. Міндеті:

Департаменттің қарамағындағы құрылымдық, аумақтық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметтік жұмысын тексеруді жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Департаменттің бақылау-тексеру іс-шаралары жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру, қамтамасыз ету (жылдық);

2) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріндегі, ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріндегі ұйымдастырушылық-басқару, қызметтік жұмыстарға, орындаушылық тәртіптің жай-күйіне жоспарлы және жоспардан тыс тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ тексерістердің нәтижелері бойынша материалдарды (анықтамаларды) Департамент бастығының қарауына ұсыну;

3) жоспарлы және жоспардан тыс тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуге жоспар-тапсырма дайындау;

4) Департаменттің жұмыстары нәтижелерінің жай-күйі туралы әр өңір бойынша мәліметтер жинақтауды, талдап жүйелеуді жүзеге асырады, нәтижелері бойынша Департамент басшылығына қызметтік жұмыстардағы өзгерістерге тиісті ден қою шаралары туралы ұсыныстар енгізу;

5) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары қызметтік жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған, оның ішінде тексерістердің қорытындылары бойынша ұсынымдар, ұсыныстар (соның ішінде төмен тұрған бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестірудегі құрылымдық бөлімшелердің рөлін зерделеу нәтижелері бойынша) әзірлеу;

6) аумақтық және ведомстволық бағынысты бақылау (тексеру) жасауды жүзеге асыру мерзімділігінің есебін жүргізу;

7) жоспарлы, жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерінің барысында Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің, қарамағындағы мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының қызметтік жұмыстарынан анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың жойылу деңгейі мен сапасына бақылау жасау;

8) Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелердің, қарамағындағы мемлекеттік мекемелері мен ұйымдардың Министрдің бұйрықтары мен нұсқауларын, Алқа, жедел кеңестердің шешімдерін, Министрліктің өзге де директивті құжаттарын орындауына, сондай-ақ инспекциялау барысында анықталған іс-шараларды іске асыру барысына бақылау жасауды қамтамасыз ету.

  1. Міндеті: Министрліктің орталық аппараты қызметкерлерінің ел шегінде қызметтік іссапарларға шығуын ұйымдастыру .

Функциялары:

1) Департаменттің қызметтік іссапарларға шығу жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету (тоқсандық);

2)  қызметкерлердің қызметтік іссапарларға шығуы туралы бұйрықтарының жобаларын әзірлеу және Департаменттің басшылығына енгізу, сондай-ақ іссапарға шығушылардың құжаттарын тіркеп ресімдеу;

3) Департаменттің қызметтік іссапарларға шығу жоспарының орындалуына мониторинг жүргізіп бақылау жасау;

4) Департаменттің бұйрығы бойынша іссапарға кеткен қызметкерлердің қызметтік іссапарлардың қорытындысы бойынша материалдардың уақтылы ұсынуына бақылау жасау;

5) жүзеге асырылған шығулар мен қызметтік іссапарлардың қорытындылары бойынша материалдарға (есептер) олардың тиімділігіне қатысты талдау жүргізу;

  1. Міндеті: Штаб құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық, аумақтық және ведомстволдық бағынысты бөлімшелерінің жұмыстарының ұйымдастырылуына әдістемелік басшылық және бақылау жасау.

Функциялары:

1) Штаб құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық, аумақтық және ведомстволдық бағынысты бөлімшелерінің жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, оларға заңнамалық және басқа да құқықтық актілерді қолдануда әдістемелік көмек көрсету;

2) Департамент қызметіне қатысты құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

3) өзге де нормативтік  құқықтық актілермен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Штаб құқықтары мен міндеттері:

1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелерден, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардан құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды, оның ішінде жоспарлардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың, Алқа шешімдерінің орындалу барысы мен нәтижелері туралы материалдарды, басқару шешімдерінің жобаларын, ақпараттық-аналитикалық және есеп беру құжаттарын әзірлеуге қажетті басқа да анықтамалық материалдарды және мәліметтерді оларға белгіленген мерзімде сұратуға және алуға;

2) бақылаудағы мәселелер бойынша құжаттармен және материалдармен, оның ішінде құпиялылық режимінің, мемлекеттік және қызметтік құпиялардың сақталуын ескере отырып, тексеру іс-шараларына жататын материалдармен кедергісіз танысуға, олардың орындалуы туралы қажетті материалдарды алуға;

3) Штаб құзыретіне жататын мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты және  аумақтық бөлімшелерінің басшылығымен орындауға міндетті нұсқауларды беруге;

4) Департаменттің қызметтерінде және басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жолдауға;

5) Тексеру нәтижелері бойынша Штаб құзыретіне жататын мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының (Департамент басшылығының келісімі бойынша) басшыларының есептерін тыңдауға;

6) басқару шешімдерін әзірлеуге, Министрлік Алқасы мен жедел кеңестерінде қаралатын материалдарды, ведомстволық құқықтық актілерді, Департамент бастығының басқару шешімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Парламентіне, Үкіметіне жолданатын, сондай-ақ жоспарлы, жоспардан тыс тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуге құжаттар мен ақпараттарды дайындауға Департаменттің қызметтерін белгіленген тәртіпте тартуға;

7) Департаменттің бөлімшелеріндегі басқарушылық қызметтің тиімділігін, арттыру бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығына енгізуге;

8) Департамент басшылығының қарауына қызметтік жұмыстарында бұзушылыққа жол берген Департамент қызметтерінің, аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;

9) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін мамандарды, оның ішінде келісімшарт негізінде тартуға;

10) қызметтік жұмыстарға немесе Департамент басшылығының басқа да тапсырмалары бойынша тексерістер жүргізу кезінде кедергісіз, тәуліктің кез-келген уақытында іргелес аумақтарға қызметтік авкөліктермен кіруге немесе келуге, сондай-ақ қызметтік куәліктерін көрсету арқылы режимдік орын-жайлардан өзге Департамент мекемелері мен бөлімшелерінің барлық ғимараттарында және орын-жайларында техникалық құралдардың (бейнетіркегіш/бейнекамера) көмегімен кедергісіз бейне түсірілім жүргізуге;

11) Департаменттің қызметін регламенттейтін құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге.

  1. Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттемелер.
  2. Штабтың міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) Министрліктің Алқа шешімдерімен, сондай-ақ жедел кеңестерімен, аппараттық кеңес хаттамасымен, Министрліктің, Штаб-Департаментінің және Департаменттің жоспарларымен көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

3) Министрлік Алқа отырысының, Министрлік және Департаменттің жедел және аппараттық кеңестерінің, консультативтік-кеңесші органдарының Штаб құзыретіне жататын мәселелер бойынша материалдарын дайындауға қатысу;

4) Департаменттің құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша Департаменттің жедел және аппараттық кеңестерінде қарау туралы Департамент бастығына  ұсыныс енгізуге;

5) құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге;

6) Штаб қызметіне қатысты мәселелер бойынша сот талқылауларына қатысуға;

7) қойылған міндеттерге сәйкес Штабтың құзыреті шегінде басқа да міндеттер белгіленеді.

 

 

3-тарау. Штабтың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Штаб өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын іске асыру үшін қажетті уәкілеттіктер берілген.
  2. Штабқа қызметкерлері Штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функциясының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
  3. Штаб қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  4. Штаб құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне Штабтың атынан жолданатын құжаттарға Департаментінің бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.

 

____________________

 

 

Дата публикации
12 апреля 2021