ҚР ТЖМ Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі
№ 94 бұйрығына 12-қосымшасы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің
Заң тобының Ережесі
Департамент қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Функциялары:
міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолданады;
3) заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, Департамент пайдасына шешілмеген сол актісіне барлық сот инстанцияларына шағымдану бойынша уақтылы шаралар қабылдайды, сондай – ақ заңнамада белгіленген тәртіппен қадағалау тәртібінде, құзыреті шегінде наразылық білдіру туралы қолдау хат жазып, прокуратура органдарына хат жазады;
4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдайды;
5) сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Департамент мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсынады.
Департаменттің заңнаманы қолдану практикасын қорытындылайды.
Функциялары:
талап қою жұмысының, сотта тиісінше іс қарауға әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен болған даулар бойынша сот практикасының жай – күйіне талдау жасайды және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды және түсіндіреді, Департаментке жалпыға бірдей құқықтық оқыту ұйымдастырады.
Функциялары:
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс – шараларды әзірлейді және іске асырады, Топ құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқытуға қатысады және ұйымдастырады.
Құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай – ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Функциялары:
1) құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Департамент бастығының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды;
2) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Департаменттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындайды.
1) өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінен және құрылымдық бөлімшелерінен сұратады;
2) Департамент басшылығының келісімімен Департаменттің құқықтық мәселелері жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс– шаралар мен Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметкерлерін тартады;
3) Топ жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
4) заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселерінде аумақтық органдарға, сондай-ақ Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелеріне заңнамалық көмек көрсетеді.
3.Топтың қызметін ұйымдастыру
жеке үй – жаймен, заңнамалық – анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөніндегі мерзімді баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетімен, сондай –ақ оқтын – оқтын жаңартылып отыратын нормативтік құқықтық актілердің электрондық қорымен қамтамасыз ету;
Топ қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру үшін тұрақты негізде іс – шаралар ұйымдастыру.
_____________________________