Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесі туралы ереже

ҚР ТЖМ Жамбыл облысы

Төтенше жағдайлар

департаментінің

2021 жылғы 9 сәуірдегі

№ 94 бұйрығына бекітілген

 8- қосымшасы

 

        

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесі туралы

ереже

 

1-тарау.  Жалпы ережелер

 

  1. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесі (бұдан әрі – Бөлімше) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімшенің құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Бөлімше Департамент бастығы заңнамада бектілген тәртіппен тағайындайтын және жұмыстан босататын бастықтан және бас мамандардан тұрады.

 

2-тарау. Бөлімшенің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері: Департаментте ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру.

Функциялары:

  • ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлейді және келіседі;
  • Департамент мүдделерінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы перспективалық әзірлемелер мен техникалық шешімдерді қарауды жүзеге асырады;
  • Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
  • Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады, оларды өзектілендіру бойынша шаралар қабылдайды;
  • жұмыс топтарының және басқа да кеңесші органдардың қызметіне, Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысады.
  1. Міндеттері: Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласындағы Департамент қызметін дамыту және техникалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) ақпараттандыру және байланыс жүйелерін дамытуды, оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға әзірлікте ұстауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің ақпараттандыру және байланыс құралдарына қажеттілікті айқындау бойынша ұсыныстар дайындайды;

3) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастырады;

4) Департаментте ақпараттандыру және байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5) ведомстволық ақпараттық ресурстарға және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

6)  Департамент мәжілістерін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

7)  ТЖ қаупі және туындауы кезінде, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде Департаменттің күштері мен құралдарын басқару үшін байланысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларға қатысады.

  1. Міндеттері: Департаментте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Функциялары:

1)  Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді;

2)  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

3) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, әзірлігіне және тәуекелдерінің болуына талдау жүргізеді;

4) Департаменттің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

  1. Міндеттері: Халықты құлақтандыру жүйесін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті құру және қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту болып табылады.

Функциялары:

1)  халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

2)  облыс аумағында халықты құлақтандыру құралдарының есебін жүргізеді;

3) халықты құлақтандыру жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

4)  халықты құлақтандыру жүйесін жаңғырту бойынша техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді;

5)  халықты құлақтандыру жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

6)  халықты құлақтандыру бойынша жаттығуларды жоспарлайды және өткізеді;

7) электр дабылдарының (сиреналық-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу жөніндегі тиісті жабдықтардың жарамдылығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізеді;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Бөлімше құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды, анықтамалық және талдамалық материалдарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Департамент басшылығына бекітуге енгізу;

2)  Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінен қызметті ұйымдастыру үшін қажетті мәліметтерді сұрату;

3) өз құзыреті шегінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асыру;

4)  Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

5)  Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Бөлімшенің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімше заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімшеге басшылықты Бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Бөлімше бастығы жүзеге асырады.
  3. Бөлімше бастығының өкілеттіктері:

1) Бөлімше қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департамент басшылығына Бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

3) Департамент бастығына Бөлімше қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйақы беруге ұсынады;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімше атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлімше бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

________________________

Дата публикации
12 апреля 2021