Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

2021 жылғы 9 сәуірдегі

№ 94 бұйрығына бұйрығына 2-қосымшасы

 

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы

 Төтенше жағдайлар департаменті

Азаматтық қорғаныс басқармасының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент)  Азаматтық қорғаныс басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Азаматтық қорғаныс ic-шараларын ұйымдастыру жөніндегі кызметі, әскери-жұмылдыру жұмыстары кызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, Департамент туралы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы мен штат саны Департаменттің штат кестесімен айкындалады.
  4. Басқарма құрамына басшы, аға офицерлер, офицерлер және әскери – жұмылдыру жұмыстары тобы кіреді.

        

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

 

  1. Міндеттері:
  • азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты icкe асыру;
  • азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, аумақтық шағын жүйелерінің жұмыс атқаруын және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
  • азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

 

  1. Функциялары:
  • азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі  бағыттарын әзірлеуге, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс атқаруы мен одан әpi дамуын қамтамасыз етуге қатысу;
  • азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша азаматтық қорғаныс саласындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) нормативтік құқықтық актілер мен нормалардың жобасын әзірлеуге қатысу;
  • азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық ic-шараларының көлемі мен мазмұны бойынша Министрлікке ұсыныстар дайындау;
  • облыстық (қалалық) азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлеу;
  • азаматтық қорғау қызметтерінің қызметін үйлестіру;
  • төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен ic-қимылдарға азаматтық корғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын, халықты даярлаудың оқу бағдарламасын әзірлеуге, даярлауды және оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
  • азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткен тыңдаушыларға берілетін бірынғай үлгідегі сертификаттың нысанын әзірлеуге қатысу;
  • азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымын айқындау бойынша Министрілекке ұсыныстар дайындау;
  • азаматтық қорғау басқару органдары мен күштерін даярлау бойынша ic-шаралар жоспарын әзірлеу және оның жүзеге асыру;
  • облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу;
  • қалалар мен аудандардың Азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
  • азаматтық қорғаныс және әскери-жұмылдыру жұмысы, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша ақпараттық аналитикалық материалдар дайындау;
  • қалаларды топтарға, ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу бойынша Министрлікке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұсыныс жасау
  • азаматтық қорғау ic-шараларын ұйымдастыру және өткізу, азаматтық қорғанысын ұйымдастыру кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
  • төтенше жағдайлардың орын алуына себеп болған авариялар, апаттар және зілзалалардың себептерін анықтауға арналған комиссия құрамында өз құзіреті шеңберінде қатысу;
  • азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
  • азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс icтeyiн қамтамасыз етуге қатысу;
  • Департаменттің және өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
  • қосалқы және жылжымалы басқару пункттерін (калалық, кала сыртындағы) құруды қамтамасыз ету бойынша азаматтық қорғаныс бастығы – облыс (қала) әкіміне ұсыныстар енгізу
  • азаматтық қорғаныс құралдарына қажеттілігі бойынша Министрлікке және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау
  • азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бакылауды жүзеге асыру;
  • азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
  • азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылаудағы анықталған кемшіліктер бойынша толтырылған актіні азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұсынады, сонымен қатар анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды заңнамаларға сәйкес келісіледі;
  • міндетті ведомстволық есептілік нысандарын, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерияларын, азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылау бойынша тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу;
  • тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүзеге асыру;
  • Департаменттің ресми интернет-ресурсында тексерілетін субъектілерді тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің құрама деректерін жариялау;
  • Департаменттің жұмылдыру жоспарын әзірлеу;
  • Департаменттің және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығына кенеттен тексерулерін, жаттығулар мен машықтануларды дайындау және өткізу;
  • Департаменттің жаңадан құрылған бөлімшелеріне және мемлекеттік өртке қарсы қызметіне арналған ұзақ сақталатын жұмылдыру ресурсының қорларын жинақтау, сақтау, пайдалануды есепке алуды ұйымдастыру;
  • Департаментте және құрылымдық бөлімшелердегі әскери міндеттілерді соғыс уақытында жұмылдыру кезенінде бронь белгілеуді жүзеге асыру;
  • облыс (қала) аумағында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;
  • халықты бейбіт уақытта және соғыс уақытында инженерлік, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;
  • облыс (қала) аумағында радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпті объектілерді есепке алуды жүргізу;

    36) Департаментті химиялық мүлікпен, радиациялық және химиялық бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша ұсыныстар енгізу;

  • азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар, санаттарға жатқызылған ұйымдар тізбесін есепке алуды жүргізу;
  • азаматтық қорғаныс бойынша жаттығулар мен машықтануларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Ағын жоспарын әзірлеу және түзетулерді енгізуін ұйымдастыру;
  • бюджеттік өтінімдерді әзірлеуді жүзеге асыру және өз құзыреті шегінде сәйкес ұсыныстар енгізу;
  • азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларында, басқа да заңға тәуекелді актілерде қарастырылған өзге де функцияларды іске асыру.
  • Табиғи және жасанды көлдерде жаппай жиналу орындарында мемлекеттік бақылауды жүргізу.
  1. Құқықтары мен міндеттері:

 

1)  Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бастығына ұсыныстар енгізу;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бастығының жанындағы шұғыл жиналысының жұмысына және жетекшілік ететін бөлімшелерінің басқа да кеңестеріне қатысу;

3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жұмысының жай-күйін тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру, Департаментпен өткізілетін тақырыптық тексерулерге комиссия құрамында іске асыруға, Департаменттің өткізетін кешендік тексерістерге дайындалуға және жүргізуге қатысу;

4) аналитикалық зерттеулердің, тексерулер мен қызметтік тексерулердің нәтижелері бойынша Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Департамент бөлімшелердің қызметіне баға беру;

5) азаматтық қорғаныс және әскери жұмылдыру мәселелері бойынша семинарлар мен жиналыстарға қатысу;

6)  Департамент бөлімшелерінің басшыларын азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруы және өткізуі туралы тыңдау;

7) Департамент бөлімшелері өткізген азаматтық қорғаныс іс-шараларын зерделеу үшін іс-сапарға шығуларды жүзеге асыру.   

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

1) Басқарманың Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өздерінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктері болады.

     2) Басқарманы бастық басқарады, Министрліктің келісімі бойынша Департамент бастығы лауазымға тағайындайды және босатады.

3) Басқарма бастығы Департамент бастығына Басқарманың құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді

4) Басқарма бастығы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және  өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.

5) Осы мақсатта бастық:

қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды

- Департамент бастығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6) Басқарма атынан Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бастық, ал ол болмағанда оны алмастыратын адам қол қояды.

___________________________

Дата публикации
12 апреля 2021