Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тылдық қамтамасыз ету тобы туралы Ереже

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің

                   2021 жылғы 9 сәуірдегі

№ 94 бұйрығына 15-қосымшасы

 

 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Тылдық қамтамасыз ету тобы туралы

Ереже

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті тылдық қамтамасыз ету тобы (бұдан әрі – топ) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Топ бас мамандардан тұрады.

 

2 тарау. Негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

топтың міндеттері

 

  1. Міндеті: мемлекеттік сатып алу процесін ұйымдастыру.

Функциялар:

  • мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту;
  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылау;
  • аумақтық ведомстволық бағынысты мекемелердің жылыту маусымына дайындығы жағдайында әкімшілік ғимараттар мен тұрғын емес үй-жайлардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін жанар-жағармай материалдарын сатып алуды бақылау;
  • Департаментті материалдық-техникалық жабдықтауға мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану бойынша бөлінген қаражат негізінде ұсыныстар әзірлеу.
  • конкурстық құжаттаманы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестікке техникалық ерекшелікті әзірлеуге қатысу.
  1. Міндеті: материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

          Функциялары:

1)      Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен негізгі құралдарды қабылдау-беру мәселелерін қарау және келісу;

2)      активтерді баланстан мемлекеттік мекемелердің балансына ауыстыруды келісуді жолдау, сондай-ақ көлік құралдарын аукциондық сауда-саттық арқылы сату мәселесін Министрлікке келісу;

3)  ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, қолдану, орналастыру, ауыстыру және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

4)      материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды (тиістілік және жабдықтау нормалары) әзірлеуге қатысу;

5)      құжаттарды министрліктің Техникалық-сараптамалық кеңесінің қарауына дайындау, Департаменттің мүдделі қызметтерімен келісу және Министрлікке ақпарат жіберу.

  1. Міндеті: азаматтық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарын салуды, күрделі жөндеуді ұйымдастыру.

Функциялары:

  • Департаменттің әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарын салу, күрделі жөндеу мәселелері бойынша құзыретті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
  • Нормативтік талаптарға сәйкес Департаменттің әкімшілік ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу үшін жобалау құжаттамасын әзірлеуге ұсыныстар енгізу.

3)      Құрылыс объектілерінде орындалған және жоспарланған іс-шаралар бойынша есептілікті ұсынуға бақылауды ұйымдастыру.

  1. 8. Құқықтары мен міндеттері:

1)      тылдық қамтамасыз ету саласындағы қызметті ұйымдастыру үшін қажетті мәліметтерді Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен сұратады;

2)      топтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтық қорғау органдарының тылдық бөлімшелерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және Департамент басшылығына енгізеді;

3)      топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

4)      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол бермейді;

5)      мемлекеттік, еңбек және қызметтік тәртіпті сақтайды, өзінің лауазымдық міндеттерін адал және сапалы орындайды;

6)      мемлекеттік, еңбек және қызметтік тәртіпті сақтайды, өзінің лауазымдық міндеттерін адал және сапалы орындайды;

7) қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтайды;

8)      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермейді, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3 тарау. Топ қызметін ұйымдастыру.

 

  1. Топтың заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктері болады.
  2. Топтың бас маманы топтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  3. Топ өз жұмысын Департаменттің жұмыс регламентіне сәйкес орындайды.
  4. Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша топ атынан Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Департамент бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

___________________________________

Дата публикации
12 апреля 2021