Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы туралы ЕРЕЖЕ

ҚР ТЖМ Жамбыл облысы

Төтенше жағдайлар департаментінің  

2021 жылғы 9 сәуірдегі

№ 94 бұйрығына  13-қосымшасы

 

 

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қоғаммен байланыс тобы (бұдан әрі - ҚБТ) Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі -Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. ҚБТ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін,
    өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. ҚБТ Департамент бастығымен тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бас маманнан тұрады.

 

  1. Негізгі міндеттері, функциялары және кұкықтары

 

  1. Міндеті: Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) өзара іс-әрекетті ұйымдастыру.

Функциялары:

1) өткізілетін іс-шараларды БАҚ-та үнемі жария етуді ұйымдастыру және өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру жөніндегі министрліктің қызметі туралы ақпараттық және түсіндіру материалдарын жұртшылыққа жеткізу;

2) БАҚ өкілдері үшін брифингтер, баспасөз конференцияларын, интернет-конференцияларды және басқа да баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

3) Департамент басшылығы мен жауапты қызметкерлерінің БАҚ-та сөз сөйлеуін, лауазымды тұлғалардың БАҚ өкілдерімен сұхбаттарын және кездесулерін ұйымдастыру;

4) баспасөз парақтары мен ақпараттық хабарламаларды тарату;

5) табиғи және техногендік сипаттағы резонанстық төтенше жағдайлар туындаған кезде БАҚ арқылы жедел ақпараттық ден қою.

  1. Міндеті: азаматтық қорғау органдарының жағымды беделін қалыптастыру.

Функциялары:

1) ақпараттық кеңістіктегі азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты сыни бағыттағы, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының беделіне теріс  әсер етуі мүмкін материалдарды анықтау мәніне мониторинг жүргізу;

2) БАҚ-тағы сыни жарияланымдарға уақтылы ақпараттық ден қою, азаматтық қорғау органдарының беделіне ақпараттық себептердің әсерін азайту бойынша шаралар әзірлеу;

3) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ерлік және батылдық іс-әрекеттерін насихаттау;

4) іс-шараларға фото және бейне түсірілімдер жүргізу, департаменттің қызметін көрсететін фото және бейнемұрағат, аудио және бейнеөнімдерді қалыптастыру;

5) ақпараттық саясатты қалыптастыру жөніндегі департаменттің  құрылымдық, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Міндеті: Министрліктің ашықтығын, министрлік жүйесінің құрылымдық және аумақтық бөліністерінің қызметі туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Департаменттің ресми интернет-ресурсын және әлеуметтік желілердегі парақшаларды ақпараттық қолдау;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан облыс аумағындағы, сондай-ақ  облыс құтқарушыларының қатысуымен шетелдегі төтенше жағдайлар және оларды жою бойынша жұмыс барысы туралы құжаттарды, анықтамалық материалдарды жедел түрде алу;

2) Департаменттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары баспасөз қызметтерінің жұмысына әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;

3) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардан ҚБТ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша атқарылған жұмыс туралы мәліметтерді және есептерді белгіленген тәртіпте алу;

4) Департаменттің  аумақтық бөлімшелерінен келіп түсетін БАҚ-пен және жүртшылықпен жұмыс жөнінде аналитикалық және есептік ақпаратты жинауды және қорытуды жүргізу.

5) БАҚ туралы заңның, сондай-ақ министрліктің аумақтық бөлімшелеріндегі ақпараттық саясатты регламенттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына жоспарлы тексеруді жүзеге асыру;

6) Департамент және аумақтық бөлімшелердің басшылығына министрліктің ақпараттық саясат бойынша жұмысты жетілдіру үрдісіге кері әсер ететін себептер мен жағдайларды жою, БАҚ туралы заңның бұзылуына жол берген басшыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау туралы, ұсыныс енгізу;

7) Департамент және басқа мемлекеттік органдардың қүрылымдық бөлімшелерінде өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберу;

8) белгіленген тәртіпте хат алысуды жүргізу және өз қүзыреті шегінде қаржы құжаттарына қол қою;

9) бюджеттік өтінімдерді дайындауды жүзеге асыру және Қаржымен қамтамасыз ету тобына өз құзыреті мәселелері бойынша тиісті ұсыныстарды енгізу;

10) ҚБТ құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.

 

 

 

  1. ҚБТ қызметін үйымдастыру және қамтамасыз ету

 

  1. ҚБТ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бас маманның қызметіне жетекшілікті Департамент бастығының орынбасары жүргізеді.
  3. Топтың бас маманы топқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

 

______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
12 апреля 2021