Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлары басқармасы туралы ЕРЕЖЕ

ҚР ТЖМ Жамбыл облысының

Төтенше жағдайлар

департаментінің

2021 жылғы 9 сәуірдегі

№ 94 бұйрығына

5-қосымшасы

 

 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс

жағдайлары басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Дағдарыс жағдайлары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) төтенше жағдайлар туралы жедел ақпаратты қабылдау, жинақтау және жіберу, республикалық құлақтандыру жүйесі бойынша дабылдарды пысықтау қызметінің негізгі түрі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы мен штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.

 

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Функциялары:

1) Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

2) өз құзыреті шегінде Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жұмыс жоспарымен және Департаменттің жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды ұйымдастыруға және одан әрі практикалық іске асыруға қатысу.

  1. Мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - ТЖ) қатері немесе туындауы және халықтың тыныс-тіршілік жағдайы бұзылғаны туралы хабарламалады қабылдау.

         Функциялары:

  • тәулік бойы жедел кезекшілік қызметін атқару;

2) төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы туралы ақпаратты азаматтар мен ұйымдардан қабылдау.

  1. Міндеті: азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқару, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу.

Функциялары:

         1) төтенше жағдайлардың, оқиғалардың туындау қатері немесе туындауы туралы ақпаратты жинау және өңдеу, жедел ақпаратты дайындау;

         2) төтенше жағдайлар мен оқиғалар туралы Департамент басшылығын, Министрліктің Дағдарыс жағдайлары басқармасының (бұдан әрі – ДЖБО) кезекші бөлімін және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарды жедел ақпараттандыру;

3) төтенше жағдайларды жою кезінде Департаменттің бөлімшелерін жедел басқаруды қамтамасыз ету;

         4) төтенше жағдайларды жою кезінде Департамент басшылығының командалары мен өкімдерін авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарына жеткізуді қамтамасыз ету;

         5) жауынгерлік және оқу-жаттығуды басқару сигналдарын қабылдау және Департаменттің бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдарына беру;

         6) Регламенттер мен жоспарларға сәйкес трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жасалған шекара маңындағы (шет) мемлекеттердің төтенше жағдайлар органдарының кезекші қызметтерімен жедел және болжамды ақпарат алмасу;

         7) кезекші бөлімінің байланыс құралдары мен жабдықтарын үнемі әзірлікте ұстау, сондай-ақ Департаменттің жедел штабының (тобының) жұмысын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;

         8) төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде мемлекеттік басқару органдарын және халықты хабардар ету, республикалық, аумақтық деңгейде СМС хабарламаларды ұйымдастыруды көрсету;

         9) Төтенше жағдайлар орындарынан Департаменттің аумақтық бөлімшелері ұсынған фото және бейне материалдардан фото мұрағат, бейне мұрағат жасау.

  1. Міндеті: Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің кезекші-диспетчерлік қызметтерінің қызметін жедел басқару және бақылау, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Функциялары:

1) Департаменттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің кезекші-диспетчерлік қызметтерінің жұмысын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

         2) Министрліктің және Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының кезекші-диспетчерлік қызметтерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

         3) Қызметтік іс-әрекетінің сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлей отырып, Басқарманың жыл сайынғы жедел-диспетчерлік қызметіне талдау жүргізу;

         4) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа функцияларды орындайды.

  1. Міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жедел мониторингі.

         Функциялары:

         1) мониторинг жүйелерінен оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы туралы ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

         2) ғарыштық мониторинг, сейсмикалық, селдік, гидрометеорологиялық, радиациялық, санитарлық-эпидемиялық жағдай, гидротехникалық және су объектілерінің жай-күйі және т.б. деректері бойынша болжамды ақпаратты жинау және қалыптастыру, нәтижелерді қорыту және талдау, әрі қарай ДЖБО-ның жедел кезекшісіне және Департаменттің басшылығына ұсынумен;

         3) жедел ақпаратты жинақтау және мұрағаттау.

  1. Басқарманың құқығы бар:

         1) Департаменттің және Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді Департамент бастығының жанындағы жедел кеңестерде қарастыру туралы ұсыныс енгізуге;

         2) өз құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мекемесінің, сондай-ақ облыс аумағында орналасқан Министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарының қызметін тексеру жүргізуіне қатысуға;

         3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мекемесінің, сондай-ақ облыс аумағында орналасқан Министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарының басшыларын тыңдауға бастамашылық етуге;

         4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар мен конференциялар өткізуге;

5) Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мекемесінің, сондай-ақ облыс аумағында орналасқан Министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарынан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

         6) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ақпараттық-талдау материалдарын дайындау үшін Министрліктің аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлерін тартуға.

  1. Басқарманың міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

2) Алқа шешімдерінде, жедел және аппараттық кеңестердің хаттамаларында, Министрліктің, Департаменттің және Басқарманың жұмыс жоспарларында көзделген іс-шараларды орындауға міндетті;

3) өзге де міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен белгіленуі мүмкін.

 

 

  1. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бастық басқарады.
  3. Басқарманың бастығы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктеген міндеттердің орындалуы мен және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Осы мақсатта Басқарма бастығы:

                1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

         2) Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға ұсынады;

         3) Басқарманың қызметкерлеріне арнаулы атақтар беруге ұсынады;

         4) Департамент басшылығына Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

         5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

         6) Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға орталық бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлға қол қояды.
  2. Қажет болған жағдайда Басқарма осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

 

                                         ______________________________

 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтен
Дата публикации
12 апреля 2021