Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының Ережесі

ҚР ТЖМ Жамбыл облысы

Төтенше жағдайлар

департаментінің

2021 жылғы 9 сәуірдегі

№ 94 бұйрығына 4-қосымшасы

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Төтенше жағдайларды жою басқармасының

Ережесі

 

1-Тарау.  Жалпы ережелер

 

  1. Төтенше жағдайларды жою басқармасы (бұдан әрі – басқармасы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрліктің бұйрықтарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Басқарма басқарма бастығынан, бас маманынан, аға инженерінен және инженерлерден тұрады.

 

2-Тарау. Басқарманың негізгі тапсырмалары, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Тапсырмалары:

1) төтенше жағдайларды жою бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2) авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

  1. Функциялары:

1) азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын, сонымен қатар төтенше жағдайларды жою саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) өз құзыреті шегінде Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарында, Министрліктің мемлекеттік салалық бағдарламаларында және тұжырымдамаларында көзделген іс-шараларды қалыптастыруды және одан әрі практикалық іске асыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;

3) төтенше жағдайларды жоюға жедел ден қою мәселелері бойынша шекара маңы ынтымақтастығына қатысу;

4) төтенше жағдайларды жою саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

5) облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысына, Департаменттің жедел кеңесіне материалдарды, инстанциядағы ақпаратты, анықтамаларды, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шолуларды дайындауға қатысу;

6) қызметтік жұмысының бағыты бойынша жыл сайынғы талдаулар жүргізу;

7) төтенше жағдайларды жою саласындағы жедел жоспарлау мәселелері бойынша Жамбыл облысы аумағында орналасқан Министрліктің бөлімшелерінің, Департаменттің аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

8) авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының қызметін үйлестіру;

9) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және түзету;

10) Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды («Көктем», «Қыс», «Жер») және штабтық жаттығуларды дайындауға және өткізуге қатысу;

11) «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру;

12) өз құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жою бойынша басшылықты жүзеге асыру;

13) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құралдарын бөлу және пайдалану жөнінде ұсыныстарды дайындауға қатысу;

14) төтенше жағдайлар мен оның зардаптарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық қаражат бөлу жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу;

15) құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымның материалдық-техникалық ресурстарын тартуға қатысады;

16) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық ету жөнінде ұсыныстар дайындау;

17) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

18) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, халықты және ұйымдарды төтенше жағдайларды жою бойынша қажетті қауіпсіздік шаралары туралы жедел ақпараттандыруды ұйымдастыруға қатысу;

19) Департаменттің төтенше жағдайларды жоюға қажетті күштері мен құралдарының санын айқындау;

20) құзіреті шегінде, төтенше жағдайларды жоюға, жедел ден қою мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

21) төтенше жағдайларды жою саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және қолдану;

22) құзыреті шеңберінде, жедел ден қою мәселелері бойынша, Жамбыл облысы аумағында орналасқан Министрліктің бөлімшелеріне, Департаменттің аудандық (қалалық) бөлімшелеріне әдістемелік басшылық ету және қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

23) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанындағы Терроризмге қарсы орталықпен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Департаменттің қызметін ұйымдастыру; 

24) құзыреті шеңберінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізетін күзет іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

25) Департаменттің бөлімшелерінің мынадай жұмыстарын  ұйымдастыру:

- шомылу маусымы мен күзгі, қысқы кезеңдерде өңірдің су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

26) құзыреті шеңберінде, Жамбыл облысы аумағында орналасқан Министрліктің бөлімшелерінің, Департаменттің аудандық (қалалық) бөлімшелерінің жедел-қызметтік іс-қимылын тексеруге қатысу;

27) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) Жамбыл облысы аумағында орналасқан Министрліктің бөлімшелерінен, Департаменттің аудандық (қалалық) бөлімшелерінен қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;

2) төтенше жағдайлар туындаған кезде ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындау үшін, Жамбыл облысы аумағында орналасқан Министрліктің бөлімшелерінің, Департаменттің аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметкерлерін тарту;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;

4) Басқарманың құзіретіне кіретін жедел кеңес отырыстарында қарау үшін, Департамент басшылығына ұсыныстар енгізу;

5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Департамент басшылығы жанындағы жедел кеңестердің және жетекшілік ететін бөлімшелердің басқа да кеңестерінің жұмыстарына қатысу;

6) тексерулер мен қызметтік тергеулердің нәтижелері бойынша, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметіне баға беру;

7) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

8) төтенше жағдайларды жою бойынша жүргізілген іс-шараларды зерделеу үшін шығуын жүзеге асыру.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, заңдарда белгіленген құқықтар мен міндеттердің, өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

3-Тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Басқармаға басшылықты, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Басқарма бастығы жүзеге асырады.
  3. Басқарма бастығын Департамент бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. Басқарма бастығының өкілеттіктері:

1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) Департамент басшылығына Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;

3) Басқарма қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйақы беруге Департамент бастығына ұсынады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

  1. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Басқарманың атынан Департаменттің басқада құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы қол қояды, ал ол жоқ болса оны алмастыратын адам қол қояды.

______________________

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының Ережесі
Дата публикации
12 апреля 2021