|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 94 бұйрығына 10-қосымшасы
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттық-аналитикалық тобы туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары,
құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
1) ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін қоса алғанда) кезеңдерге облыстың дамуын қамтамасыз ететін, декомпозициялау негізінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші және екінші деңгейдегі үшінші деңгейдегі – Министрліктің Стратегиялық жоспары, облыстың, қаланың, аудандардың аумақтарын Дамыту бағдарламалары үшінші деңгейдегі мемлекеттік жоспарлау құжаттарын және процесстерін қалыптастыруға қатысады;
2) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің ақпараты негізінде Департаменттің құзыреті бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының орындалуы бойынша есептерді әзірлейді, мониторинг өткізеді және есептерді қалыптастырады, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін дамыту тұжырымдамаларын;
Министрліктің стратегиялық жоспарын;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі арасындағы меморандумды;
Министрліктің операциялық жоспарын;
Департаменттің жұмыс жоспарларын.
3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде Департамент құзыреті шегінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының, Мемлекеттік бағдарламалар мен оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша мониторингті, талдауды жүргізеді және есептерді қалыптастырады;
4) Министрліктің тапсырмаларында (ұсынымдарында) көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық материалдарды қалыптастырады және т. б.;
5) Министірлікке, Департамент басшылығына қажет болған жағдайда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының жай-күйінің проблемалық мәселелерінің шешу жөнінде ақпарат дайындайды.
6) азаматтық қорғау органдарында жоспарлау практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне жоспарлау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
7) құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің жыл сайынғы жұмыс жоспарларын қарау және келісу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
8) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді (бекітілген нормативтік-құқықтық актіге сәйкес);
9) құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жедел-қызметтік жұмысына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысады;
10) Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің алқа отырыстарына, жедел кеңестеріне, комиссияларына, семинарларына, конференцияларына және басқа да іс-шараларына жоспарлау мәселелері бойынша аналитикалық, ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындайды;
11) жоспарлау мәселелері бойынша құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің бастықтарын тыңдауға қатысады;
12) азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарастырады;
13) топтың қызметіне қатысты құқықтық актілерді дайындайды.
Функциялары:
1) графиктерге, сұрау салуларға, тапсырмаларға сәйкес облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың даму үрдістері мен динамикасы туралы Министрлікті және Департамент басшылығын шолу-аналитикалық ақпаратымен қамтамасыз етеді;
2) Топтың құзыреті шегінде Министрліктің алқа отырыстарына, жедел кеңестеріне, комиссияларына, семинарларына, конференцияларына және басқа да іс-шараларына ақпараттық-аналитикалық материалдарды қалыптастырады;
3) азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-аналитикалық жұмысы, заманауи талдау әдәстерін қолдану, иновациялық тәсіл мен технологиялар мәселелері бойынша озат шетелдік тәжірибені зерделейді;
4) Департаменттің қызметтерімен бірлесіп азаматтық қорғау органдарының ақпараттық-аналитикалық жұмысын жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
5) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
6) ақпараттық-аналитикалық қызмет мәселелері бойынша құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жедел-қызметтік жұмысына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысады;
7) ақпараттық-аналитикалық қызметі бойынша Департаменттің қарамағындағы құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің бастықтарын тыңдауға қатысады;
8) Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің және мемлекеттік мекемелерінің қызметінде ақпараттық-аналитикалық жұмыс жағдайын зерделейді.
Функциялары:
1) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік есебін жүргізеді;
2) Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша бекітілген есептілік нысандарына сәйкес Министрлікке және Департамент басшылығына ақпарат ұсынады;
3) жедел ақпаратты жинауды, өңдеуді және қалыптастыруды жүзеге асырады: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық карточкалары бойынша;
- Департаменттің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, авиациялық бөлімшелерінің ақпараттық-анықтамалық карточкалары бойынша.
4) Министрлікке және жергілікті атқарушы органдарына мәліметтерді ұсынады:
- облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы;
- резонанстық төтенше жағдайлар және оларды жою тәжірибесі туралы.
Функциялары:
1) Облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу үшін Төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесіндегі деректерді түзетеді;
2) Департаменттің өз құзіреті шегінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді, жедел және ведомстволық есепке алуды құру, пайдалану және дамыту мәселелері бойынша құқықтық актілерді, нормативтік және техникалық құжаттаманы келісуге қатысады;
1) Департаменттің қарамағындағы құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жұмыс жағдайына мақсатты және тақырыптық тексерулерді жүзеге асыруға, бақылау тексерістерді өткізуге қатысуға;
2) Департаментің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сараптамалық кездесулер, семинарлар, конференциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдерге қатысуға;
3) өз құзыреті шегінде басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) Департаментің құзыретіне кіретін мәселелер Департаменттің қарамағындағы құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басшыларын Департамент басшылығымен тыңдауда ұсыныстар енгізуге және қатысуға;
5) өз құзыреті шегінде Департаменттің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелерінен және мемлекеттік мекемелерден басқарушылық шешімдердің жобаларын, ақпараттық-аналитикалық және есеп беру құжаттарын әзірлеу үшін белгіленген тәртіппен ақпаратты сұратуға және алуға;
6) Департаменттің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелерінде, мемлекеттік мекемелерде жүргізілетін жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс жөніндегі қызметті үйлестіруге;
7) топтың құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімшелер және мемлекеттік мекемелер басшыларының есептерін тыңдауға;
8) Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-талдау жұмысы департаментінің құрылымдық бөлімшелерінде тағылымдамадан өтуге;
9) Заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінде бектілген өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
10) Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағытты және бағытаралық сипаттағы аналитикалық зерттеулерді жүргізуге.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3) Департаментте жоспарлау мен ақпараттық-аналитикалық жұмыстарын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президент, Үкімет актілерімен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен көзделген өз құзыреті шегінде және басқа өзіне жүктелген міндеттерге қойылған міндеттерге сәйкес белгіленеді;
5) Қазақстан Республикасының Заңдарында, Президент және Үкімет актілерінде бектілген өзгеде міндеттер.
3-тарау. Топтың қызметін ұйымдастыру
________________________________