Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті психологиялық қызмет тобының ережесі

ҚР ТЖМ Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар депаратментінің

2021 жылғы 9 сәуірдегі

№ 94 бұйрығына 11-қосымшасы

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті психологиялық қызмет тобының ережесі

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Психологиялық қызмет тобы (бұдан әрі-топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.Топтың штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.

  1. Топ бас маман-психологтан тұрады.

4.Топқа жалпы басшылықты Департамент бастығы жүзеге асырады

 

 

2 тарау. Негізгі міндеттері мен функциялары,

топтың құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет:
  2. Төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
  3. Функциялар:

1) Төтенше жағдайлар аймағында халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша гарнизон бөлімшелерінің психологтарына басшылық ету;

2) Төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне шұғыл психологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізу және ол аяқталғаннан кейін оңалту;

3) Төтенше жағдайлар кезінде телефондағы "Қауырт желі" жұмысын ұйымдастыру;

4) зардап шеккендерді,сондай-ақ төтенше жағдайда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарын, жақындарын ақпараттық-психологиялық сүйемелдеуді, оның ішінде медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіну мүмкіндігі туралы анықтамалық ақпарат беруді қамтиды;

5) Департаментпен төтенше жағдайларда шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша жаттығу сабақтарын, командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды жоспарлауға және өткізуге қатысу.

 

  1. Міндет:
  2. Жеке құрамның кәсіби қызметіне психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
  3. Функциялар:

1) қызметкерлердің, қызметке кандидаттардың жеке, зияткерлік сипаттамаларын зерделеу және кәсіби міндеттерді орындау мақсатында психодиагностикалық зерттеулер жүргізу;

2) жоғары тұрған лауазымдардың кадрлық резервін қалыптастыру үшін психодиагностикалық зерттеу жүргізу, ұсынымдар дайындау;

3) жеке құрамды кәсіби-психологиялық даярлау;

4) тереңдетілген психологиялық-педагогикалық назар аударуды талап ететін жеке құраммен (байқау тобы) жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

5) жеке құрамға психологиялық консультация беру;

6) қызметкерлер арасында аутоагрессивті мінез-құлық нысандарының (суицидтердің) алдын алу бойынша психологиялық жұмысты ұйымдастыру;

7) басшылар үшін жеке құраммен жұмыста тәртіпті бұзудың профилактикасы мен алдын алудың ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

8) кәсіби міндеттерді орындауды жұмылдыру үшін ұжымдармен және басшылық құраммен қызметтік (оқу) ұжымдарды біріктіру бойынша әлеуметтік психологиялық тренингтер, тимбилдинг ұйымдастыру және өткізу;

9) топтың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуге қатысу;

10) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

11) Нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Топтың Құқықтары:

1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;

2) топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент басшылығының кеңестерінде қарау туралы ұсыныстар енгізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және Қазақстан Республикасының Үкіметінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3 тарау. Топ қызметін ұйымдастыру

  1. Топ заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Министрліктің бұйрықтарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие;
  2. бас маман-психологты Департамент бастығы лауазымына қызметке тағайындайды және босатады;
  3. жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, өз құзыреті шегінде гарнизон психологтарының жұмысына жетекшілік етеді.

____________________________

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті психологиялық қызмет тобының ережесі
Дата публикации
12 апреля 2021