Өрт депосы және өрт техникасы туралы мәлімет

Өрт депосы және өрт техникасы туралы мәлімет

 

         ТЖД құрылымы: 1 ТЖБ (Тараз қ.), 10 аудандық ТЖ бөлімдері, 2 МӨСБ, 13 ӨСБ, 4 ӨБ, «ӨСжАҚЖҚ» ММ (жедел-құтқару жасағын (бөлім құқығында) есепке ала отырып) бар.

         Жедел бағыныстағы бөлімше: «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы.

         2021 жылғы 3 айында ведомстволық бағынысты бөлімшелермен 392 адам (2020 ж. – 458, -14%) құтқарылды, эвакуацияланған 644 адам (2020 ж. – 355, +81,4%), дәрігерге дейінгі медициналық көмек  29 адамға (2020 ж. – 29) көрсетілді.

584 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүзеге асырылды (2020 ж. – 449, +30%), оның ішінде:

         тұрмыстық сипаттағы – 205;

         авариялық-құтқару жұмыстары – 315;

         іздестіру-құтқару жұмыстары – 11;

         жол-көлік өқиғалары – 53.

         2021 жылғы 3 айында 156 (2020 ж. – 147, +6%)  техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алмағанда) тіркелді. 1438 адам зардап шекті (2020 ж. – 10, +144 есе), оның ішінде 11 адам қаза болды (2020 ж. –2, +5,5 есе).

Жамбыл облысында аумағын, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандарды және мемлекет меншігіндегі өмірлік қамтамасыз ету нысандарындағы өртке қарсы қорғалуын Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) 20 бөлімшесі жүзеге асырады, оның ішінде: 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 13 өрт сөндіру бөлімі, 1 өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету қызметі және аудандарда орналасқан 4 өрт сөндіру бекеті.

Мекеменің автокөлік паркін әртүрлі бағыттағы 132 бірлік өрт сөндіру техникасы құрайды, оның ішінде:

- негізгі өрт сөндіру техникасы – 64 бірлік.

- арнайы өрт сөндіру техникасы – 12 бірлік.

- көмекші техника – 56 бірлік.

Өрт депосы және өрт техникасы туралы мәлімет
Дата публикации
09 апреля 2021